Солтүстік Қазақстан облысында ерлі-зайыпты иіс тиіп уланып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 25 маусым күні Тайынша ауданының Горькое елді мекенінде болған. 112 қызметіне ауылдағы үйлердің бірінде пешті дұрыс жақпау салдарынан екі адамның – 1977 жылғы ер адам мен оның 1982 жылғы әйелінің қаза тапқаны туралы хабарлама түседі. Ерлі-зайыпты иіс тиіп, уланып қалған.
Олардың 2007 жылы туған ұлдары ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Қаза тапқандардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Мамандардың айтуынша, біре күн бұрын үйдегі пеш жөнделген екен, алайда іс соңына дейін жеткізілмепті. Салдарынан пештен улы газ шыққан.
https://www.inform.kz/