«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мас күйінде жол апатына ұшырады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында мас жүргізуші жол-көлік апатына ұшырады. Жолдан шығып кеткен ол бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылған екен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 маусымға қараған түні шамамен сағат 01.00-де Мамлют ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдеу барысында Воскресеновка ауылы маңында жолдан шығып кеткен «Audi» автокөлігін анықтайды.

Көліктің қасында жүргізуші, яғни Петропавлдың 33 жастағы тұрғыны болған. Одан спирттік ішімдіктің иісі шығып тұрған.

Медициналық куәландыру оның алкогольді мас күйде болғанын көрсетті.

2019 жылы ер адам автокөлікті мас күйде басқарғаны үшін жүргізу құқығынан 3 жылға айырылған болатын. Алайда, бұл оған тоқтау салмапты.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша енгізілді, бапта басқару құқығынан айырылған тұлғаларға және рөлге мас күйде отырғандарға қатысты жауапкершілік көзделген. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

«Жол-көлік оқиғасынан көлік механикалық зақымданды. Жүргізушісі аман. Мұндай жол-көлік оқиғаларының салдары әлдеқайда ауыр аяқталып жатады. Мас жүргізуші өз өміріне ғана емес, басқа барлық жол қозғалысы қатысушыларына қауіп төндіреді. Басқару құқығынан айыру туралы сот шешімін елемей, рөлге қайта мас күйде отыратын адамдарға қатаң жаза бар. Оларға үлкен мөлшерде айыппұл салудан бастап, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қатаң жаза қолданылады», – дейді СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жыл басынан облыста ҚР ҚК 346-бабы бойынша 34 факті тіркелді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp