«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ТҮЙДЕЙ ҚҰРДАС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл Тәуелсіздік таңы атқанына 30 жыл. Еліміз азаттық алған кезде туған бала да қазір орда бұзар жасқа келді. Полиция аға лейтенанты Бахтияр Шерязданов – егемендіктің құрдасы. Криминалистика саласын таңдаған ол өз кәсібінің шебері екенін ісімен дәлелдеп жүр.

Құқық қорғау органдарындағы жұмысы жүргізушіліктен басталды, жедел-тергеу то­бын оқиға орнына апарып жүріп, қызмет­кер­лердің іс-әрекетін бақылады. Кейін өзі де жедел-тергеу тобының құрамында же­дел уәкіл болып жұмыс істеді. Кримина­листің тынымсыз жұмысы Бахтиярды ерек­ше қызықтырды. Сондықтан ол 2018 жылы Петропавл қалалық полиция басқармасы жедел-криминалистикалық бөліміне қыз­мет­ке орналасты.

– Жұмыс барысында түрлі жағдайлар кездеседі. Қылмыскердің оқиға орнында қал­дырған іздерін бір қарап анықтау мүмкін емес. Саусақ іздері туралы көбі біледі. Алай­да аяқ киім іздерінің сан алуан ерек­шеліктері, биологиялық материалды алуға қолданылатын түрлі тәсілдер туралы менің өзім осында жүріп үйрендім, – дейді ол.

Бахтияр Шеряздановтың алғашқы ұста­зы – криминалистикада ширек ғасыр жұ­мыс істеген ең тәжірибелі мамандардың бірі, полиция подполковнигі Игорь Чусо­витин. Кейін практикалық білімін аталмыш басқармадағы жедел-криминалистикалық бөлімнің бастығы, полиция майоры Тимур Әбділмановтан толықтырды.

Үстелінде жатқан пышақтардың ішінде асүйде қолданыла­тын­дары көп. Шаруашы­лық-тұрмыстық мақ­сатта пайдаланыла­тын­дық­тан оларды қару деу қиын. Алайда бұл пышақтар ішімдік ішуден туындайтын жанжалдар кезінде қыл­мыс құралына айналып шыға келеді. “Қыл­мыс орнында барынша дәлелдер жинау қажет. Қыл­мыскер сияқты ойлануға тура келеді. Мә­селен, бірде ұры жер үйге те­резені бұзып кірген. Оқиға орнын қараған кезде әйнектің сынықтары жерде шашылып жатпағанын, жинастырылып қойғанын байқадым. Яғни қылмыскер барынша сақ әрекет етуге ты­рысқан. Алайда терезенің сынықтарында саусақ іздері қалатынын ойламаған екен. “Папилон” автоматтан­дырылған дактилос­копиялық ақпараттық жүйесі арқылы көптеген саусақ іздері анықталды”, – дейді криминалист.

Криминалистердің жұмысының нәти­желері әдетте тергеуде және сотта көрінеді, кейде күдіктілерді анықтауға да септігін тигізеді. Бахтияр бұндай жағдайларда ерек­ше қуанады, себебі бұл – ұйқысыз өт­кен кезекшіліктердің, оқиға орында­рын­дағы жұмыстың, зертханалардағы тыным­сыз еңбек­тің жемісі деп біледі.

– Мен еліміз Тәуелсіз атанған жылы дүниеге келдім. Қоғамда тыныштықты сақтау, қылмыскерлерді ұстау үшін барымды саламын. Бұл жұмыс шынымен де қиын. Төзімділік болмаса, істей алмайсың. Мен өзімнің кәсіп таңдаудан жаңылмаға­ныма қуаныштымын, – дейді ол.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp