«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қандай мамандық таңдаған дұрыс?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мектеп бітірген түлектер мамандық таңдау кезінде көп мәселелердің байыбына бара алмай, қандай оқуға түсерін білмей жатады. Өңірдегі еңбек нарығында қандай мамандық сұранысқа ие? Болашақта жұмыс берушілер қандай мамандықтарды қажет етеді деген сұрақтардың төңірегінде сауалнама жүргізген едік.

Ирина САЗАНОВА, “Пана­цея” медицина орталығының меңгерушісі:

– Бүгінде медицина саласын­да маман тапшы. Әсіресе Пет­ро­павл қаласында кардиолог дәрі­герлер жетіспейді. Өңірде 13 ау­дан бар болса, солардың екеуін­де ғана кардиолог маман бар. Жеті ауданда кардиологтың мін­де­тін басқа сала дәрігерлері қо­сымша атқаруда. Өзге аудандар­да арнайы курстан өткен тера­певт дәрігерлерге кардиологтың жұмысы жүктелген. Сондықтан оқу бітіруші түлектерге медицина мамандығын таңдауға кеңес бе­ремін. Ең бастысы, адамда бұл салаға құштарлық болуы қажет. Сонда болашақта білімді де, білікті кадрлар қатарға қосыла­ды. Пандемиямен күрес кезінде дәрігерлерге құрмет еселей түс­ті. Өйткені дәрігер – ең ізгі ма­мандық. Адамның өміріне араша түсу ерлікке пара-пар.

Гүлмира ИСМАИЛОВА, Пет­ро­павл қалалық жұмыспен қам­ту бөлімінің әдіскері:

– Мамандықтың жаманы жоқ. Әр саланың өз ерекшелігі мен қиындығы болады. Бастысы – ма­ман­дықты сүю қажет. Уақыт бір ор­нында тұрған жоқ. Қазір жаңа тех­нологияның заманы. Жаңа ма­мандықтардың пайда болуына байланысты қоғамның қажеттілі­гіне орай сұраныс та өзгереді. Бі­рақ дәрігер, мұғалім, құрылысшы мамандар әрқашан қажет. Бүгін­дері Петропавлда құрылыс қар­қыны жоғары. Алайда бізде осы са­ла мамандары тапшы. Тас қа­лаушы, ағаш ұсталары, дәнекер­леу­шілер мен тағы басқа маман­дарға сұраныс ерекше. Қазір құ­рылыс нысандарында 500 жұ­мыс­шы жетіспейді. Сонымен қа­тар өнеркәсіпке – 240, медицина­ға – 67, білім беру саласына 60 адам қажет.

Қайрат ОМАРОВ, қала тұр­ғыны:

– Қалада өндірістік салада ма­ман тапшы деп ойлаймын. Кәсіпорындардың көпшілігінде инже­нерлерге сұраныс өте жоғары. Әсіресе тамақ өнеркәсібіне білік­ті мамандар қажет. Машина құ­растырушылар мен металлург­терге мұқтаж кәсіпорындар да же­терлік. Жобалаушылар мен сәу­лет­шілер де жетіспейді. Кейде көшедегі хабарландыруларға кө­зім түскенде, құрылыс нысандарында ұста мен инженерлер, су беру және кәріз жүйесіне жауап­ты мамандар жетіспейтінін аңға­рамын. Көлік және логистика са­ласы да ақсап тұр. Өйткені ма­ман тапшы. Бұдан бөлек туризм, фармацевтика, массмедиа мен іс-шараларды ұйымдастыру, қызмет көрсету салаларында да бос орындар баршылық. Сон­дық­тан екі қолға бір күрек таппай жүрген жандар осы мамандық­тарға ойысуы қажет.

Сауалнаманы жүргізген

Айсұлу ХАНАТ,

М.Қозыбаев атындағы

СҚУ-дің 2-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp