«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өңір басшысы Құмар Ақсақалов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде қаламды өміріне серік еткен бір топ журналисті марапаттады.

– Журналистердің қоғамда алатын орны ерекше. Әсіресе пандемия кезінде тілшілердің қоғам үшін маңыздылығы артты. Сіздер әрдайым халыққа жедел ақпарат жеткізіп, елде болып жатқан жаңалықтармен бөлісіп отырасыздар. Сіздерге қажымас қайрат, шығармашылық табыс тілеймін! Көрермендеріңіз мен оқырмандарыңыз көп болсын! – деді Құмар Ақсақалов.

Салтанатты жиында облыстық «Qyzyljar» телеарнасының телебағдарлама дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің бас редакторы Ақерке Қабыкеева облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болса, республикалық «Казахстанская правда» газеті мен «Astana TV» телеарнасының меншікті тілшілері Әлия Икамбаева мен Екатерина Белоусова, «Первый Северный» телеарнасының бас редакторы Нұргүл Алина Алғыс хатпен марапатталды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі республикалық «Qazaqstan Dаuırı» газетінің меншікті тілшісі Нұрсайын Шәріп пен «Северный Казахстан» ЖШС-нің директоры Иван Моорге табыс етілді. Сондай-ақ аталмыш министрліктің Құрмет грамотасы «Хабар 24» телеарнасының, «Қазақпарат» агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшілері Айдарбек Балғабеков пен Олеся Жуковеньге, «МТРК» арнасының шеф-редакторы Анна Потеряеваға берілді.

Құмар Іргебайұлы «дөңгелек үстел» басына жиналған журналистермен әңгімелесіп, облыстың даму барысына тоқталды. Еркін форматта өткен кездесу соңында өңір басшысы тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp