«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАРЫ СӘТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ең көне спорт түрле­рінің бірі – қазақ күресі. Кең бай­тақ жерімізді сыртқы жаудан қор­ғауда қазақ батырларының жа­уынгерлік өнерді терең меңгер­ген­діктері туралы бүгінде көп ай­тылып, жа­зылып жүр. Әрине, ба­тыр баба­ларымыздың жауынгер­лік өнері жас ұрпаққа өнеге болса игі. Кү­рес дегенде бірден ойы­мызға Қа­жымұқан атамыздан бастап, Әбілсейіт Айқанов, Аман­гелді Ғапсаттаров, Аманжол Бұ­ғы­баев, Асқантай Иманқұлов, Жақсыжол Көрпебаевты және басқа қазақ­тың апайтөс балуан­да­рын бірден еске аларымыз анық. 

Осы бал­уан­дардың көбі ауыл­дан шыққан. Ауыл­да та­ланттар жетеді ғой. “Бұлақ көрсе, көзін ашып” жүрген спортқа жаны ашитын азаматта­рымыз да аз емес. Олар өз ха­лінше “қанаты­мен су сепкен қар­лығаштай” қо­лынан кел­генін іс­теуде. Атап айт­сақ, аға­йынды Ба­қыт пен Бейбіт Сағын­дықовтар, Қуанышбек Есі­мов, Қа­нат Ку­дияров әз-Наурыз мерекесі қар­саңында мектебіміз­ге де­меу­шілік көрсетіп, күрес жат­ты­ғу­ла­рына қажет арнайы кілем­дерді сый­лыққа тартты. Содан бері аз уа­қыт­тың ішінде оқушы­ларымыз жат­тығып, Уәли­ханов ауданының құрметті аза­ма­ты, қазақ күре­сінен спорт ше­бері Сансызбай Мұхамедра­хымұлы Қалиевтің 80-жылдығына орай жасөспірім­дер арасында еркін күрестен өт­кізілген ашық турнир­ге қатысты. Бұл додадан талапты оқушыла­ры­мыз жүлде­сіз қайтқан жоқ. 30 және 32 ки­лограмм сал­мақ дәре­желерінде Ерасыл Бейбіт пен Ильнур Идиятов үздік үштікті тү­йін­деді. 38 килограмм сал­мақта Айдын Сарманов, 55 ки­лограмм сал­мақта Расул Айтму­кушев екінші орынды иеленді.

Ғалия ОМАРОВА,

Озерный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp