Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қоры жаңа кітаппен толықты. “Суретті өнер тарихы” кітабы – қылқалам шеберлеріне арналған көркем туынды.
Басылымда өнердің қайнар бұлағының басты бағыттары, ежелгі және ортағасырлық туындылардан бастап бүгінгі күнгі өнердің негізгі жетістіктері қамтылған. Сурет өнерінің әрбір бағыты әр дәуірдің әлеуметтік және мәдени оқиғаларымен сипатталған. Алғашқы суретшілердің сурет салу техникаларынан бастап өнердегі әрбір жаңа бағыттың пайда болуы, әдістері, қоғамдағы өзгерістер мен алуан түрлі әсер ететін жағдайлардың өзара байланысы жан-жақты зерттеліп жазылған.
Кітапта өнердің жетекші бағыттары, мысалы, маньеризмнен бароккоға және рококоға дейін, одан әрі импрессионизм мен абстракті экспрессионизмге дейінгі ұлы суретшілер және олардың туындылары, даму барысындағы басты оқиғалар айшықты бейнеленген.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.