«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өшпес ізі қалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1969 жылы Қазақстанның барлық атыра­бынан ел астанасы Алматыға келіп, Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетіне түскен қарадомалақ балалар бүгін жер ортасы елуге келіп қалыпты. Азамат. Ел таныған қайраткер. Белгілі ғалым. Жақсы ақын. Бұл қатарда осылардың барлығы да бар.

Қазақ Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Құныпия Алпысбаев, Алматы мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, профессор Балтабай Әбдіғазиев, Алматы мұғалімдер білімін жетілдіру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Тұрсынбек Баймолдаев, ақын, журналист Өтеген Оралбаев, ақын, журналист Зейнолла Әкімжанов – бәрі бірге оқыған, университетті 1974 жылы бітірген түлектер. Абайбек Қоқымбаев, Айғали Файзуллин Семей полигонының құрбаны болып ғұмырдан ерте кетті.

Еңбек жолын М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып бастаған Зейнолла үй ішінің жағдайына байланысты Солтүстікке, туған жерге оралып, ұзақ жылдар баспасөзде қызмет етті. Талантты журналист болып қалыптасты. Деректі новеллалар, очерктер, мақалалар жазды, публицистика саласында терең із тастады. Ең бастысы – Зейнолла табиғат сыйлаған дарынға опасыздық жасаған жоқ, ақындық өнердің қазанында қайнап, татымды жырлар тудырды. Олар аймақтық, республикалық газет-журнал беттерінде ширек ғасыр бойы үздіксіз жарияланып келді. Оқырманын тапты. Көпшілік ілтипатына ілікті.

Зейнолла сан қуған жоқ, жылда өлең кітабын шығарам деп қызылтанау болмады. Оның сұрыпталған, екшелген, көркем жырлары бұрын “Жерұйық” деген атпен оқырман қолына тиген.

Рымғали НҰРҒАЛИ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp