«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

9 ЖАСАР БАЛАНЫ ҚАҒЫП КЕТКЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда полицейлер 9 жасар баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 маусым күні кешке полицияға Петропавлда жол-көлік оқиғасы болғандығы жөнінде хабарлама түседі.

Оқыс оқиға Жұмысшы кентінде болған. Пугачев көшесінде велосипед теуіп жүрген 9 жасар баланы «Audi-100» көлігінің жүргізушісі қағып, өзі оқиға орнынан қашып кеткен.

Ер бала ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Тәртіп сақшылары көлік жүргізушісін анықтады. Оның тұрғылықты мекенжайына келіп, көлікті ауладан тапты, иесі үйде жоқ болып шықты.

Қазір ол іздестіріліп жатыр. Әкімшілік материал жиналып, жүргізушіге қатысты жол-көлік оқиғасында өз міндетін орындамағаны үшін хаттама толтырылды.

Жалпы жыл басынан СҚО полицейлері оқиға орнынан қашып кеткен 16 жүргізушіні іздеп тапты.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp