«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Электр стансасының қоршауына соғылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында мас ер адам «ГАЗель» көлігін айдап әкетіп, қоршауды соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл аудандық полиция бөліміне «ГАЗель» көлігінің аудандық электр стансасының қоршауына соғылғаны жөнінде хабарлама түседі.

Көлікті ауданның 41 жастағы тұрғыны басқарған. Медициналық куәландыру оның мастығын көрсетті. Сондай-ақ ер адамның бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғандығы белгілі болды. Автомобиль оның жұмыс берушісінікі екен.

Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне екі бап (көлікті басқару құқығы болмаса да, мас күйде жүргізу және біреудің автокөлігін заңсыз иемдену) бойынша енгізілді.

Күдікті қамауға алынып, көлік арнайы автотұраққа қойылды. Ол тергеу амалдары аяқталғаннан кейін ғана иесіне қайтарылады.

«Бұл оқиға мас күйде көлік жүргізудің қауіпті екендігінің тағы бір дәлелі. Көлік жүргізу құқығынан айырылса да, мас күйде рульге отырудың биылдыққа осымен екінші жағдайы тіркеліп отыр. Заң бойынша қылмыстық жауапкершілік бар. Айыппұл төлеуден бас бостандығынан айыру жазасына дейін қарастырылған. Сондай-ақ өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылады», – дейді Жамбыл аудандық полиция бөлімінің басшысы Асан Мейрамов.

Тек Жамбыл ауданында ғана жыл басынан 27 мас жүргізуші анықталып, жазаға тартылды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp