Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен құттықтаймын!
Биыл Астана күнін мерекелеу ерекше маңызға ие, өйткені ол ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтуде.
Нұр-Сұлтан – алға қарыштап қадам жасаған Қазақстанның бойтұмары, біздің мемлекетіміздің өркендеуінің жарқын үлгісі, оның әкімшілік, іскерлік, мәдени және ғылыми орталығы.
Қайталанбас келбеті мен сәулеттік стилі бар заманауи, қарқынды дамып келе жатқан шаһар Қазақстанның халықаралық аренадағы басты жауһары болып табылады.
Қала – жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстанның гүлденгенінің көрінісі.
Жас астанамызды “Еуразия жүрегі” деп атайды. Бүгіндері ол негізгі құндылықтары бейбітшілік пен достық, өзара құрмет пен бірлік болып табылатын, барша қазақстандықтарды біріктіретін қалаға айналды.
Астананың бас сәулетшісі – еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Елорданың еңселі нысандарына айналған ең батыл сәулеткерлік шешімдер Елбасы идеяларының арқасында пайда болды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің төл перзенті болып саналатын астананың Елбасының ерен еңбегі және ел дамуына қосқан үлесі ескеріліп, оның негізін қалаушының есімімен аталуы өте орынды.
Құрметті жерлестер!
Елордамыз гүлдене берсін, ал әрбір отбасының өмірі қуанышқа, амандыққа және ертеңгі күнге деген сенімділікке толы болсын! Мерекелеріңізбен, қымбатты солтүстікқазақстандықтар!
Құмар АҚСАҚАЛОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.