«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шектеулер енгізілмек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шілденің 1-і күні облыста 27 тұр­ғынның қауіпті дертке шал­дық­қаны белгілі болды. Жалпы пан­демия басталғалы коронави­рус инфекциясын 15315 адам жұқ­тырды. Бұл жайында орталық ком­муникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз кон­ференциясында айтылды.

Облыс орталығында індет 11 адамнан анықталса, Қызылжар және Айыртау аудандарында – 4, Тайынша ауданында – 3, Уәли­ханов, Есіл, Ғабит Мүсірепов атын­дағы аудандардада бір жағ­дай­дан тіркелді. Бір аптаның ішінде коронавирус инфекция­сын жұқтырғандар саны 109-дан 129-ға жетті. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Сондықтан 5 шілдеден бастап шектеулер енгізілмек: қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты 24.00-ге дейін қысқарады; спорт­тық іс-шаралар толымдылығы 15 пайыздан аспаған кезде, театр­лар, кинотеатрлар, концерт зал­дарының жұмысы көрермендер орындар санының 20 пайызынан аспаған кезде жұмыс істейді; қыз­меткерлердің кемінде 50 пайызы қашықтықтан жұмыс істеуі тиіс; мектепке дейінгі мекемелерде тек кезекші топтардың (25 адам­нан аспайтын) жұмысына, бала­лардың түзету кабинеттерінің, білім беру орталықтарының жұ­мы­сына алдын ала жазылу бо­йынша 15 адамнан аспайтын топ­қа рұқсат етіледі. Бұл шектеулер­дің “Ашық” жобасын енгізген кә­сіпкерлік нысандарына қатысы жоқ.

Еліміздің бас мемлекеттік са­нитарлық дәрігерінің қаулы­сына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес “COVID-19”-ға қарсы вакцина ал­маған қызметкерлер қызмет көр­се­ту, көтерме және бөлшек сау­да, мәдениет және демалыс, қыз­мет көрсету саласындағы ны­сан­дарға, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын, білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, сана­тор­ийлік-курорттық және сауық­тыру мақсатындағы, қоғамдық та­мақ­тану, барлық үлгідегі меди­ци­налық-әлеуметтік, денсаулық сақ­тау ұйымдарына, оның ішінде зерт­ханалар, коммуналдық ша­руа­шылық объектілеріне, экскур­сиялық қызмет көрсететін ұйым­дарға, ойын-сауық орталықтары­на жұмысқа бара алмайды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp