«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Финалда – Италия мен Англия

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан Еуропа чемпионатының финалына жолдама алған құрамалар белгілі болды. Италия – Испания кездесуінде матч тағдырын пенальти сериясы шешсе, Англия – Дания ойынында қосымша уақыттан соң ақтық сынға өткен команда анықталды.

Қос жартылай финал да Англияның астанасы – Лондондағы “Уэмбли” стадионында өтті. Шілденің 6-сы күні Италия – Испа­ния жұбы финалға алғашқы жолдаманы сарапқа салды. Бұл кездесуде құрамалардың бас бапкерлері Паоло Манчини мен Луис Энрикенің стратегиялық шайқасы анық көрінді. Екі коман­даның ойыншылары бір-біріне дес бермеуге тырысқанымен, ойынның 60-минутында Федери­ко Кьеза есеп ашты. Кейін 80-минутта Альваро Марато таразы басын теңестірді. Осылайша матч экстра-таймға ұласып, жар­ты сағат ішінде гол салынбады. Пенальти сериясында Италия құрамасы Испанияны қапы қалдырып, ақтық сынға шықты.

Ал Англия – Дания кезде­суінде фавориттер ағылшындықтар болғанымен, есепті бірінші болып қонақтар ашты. Қақпадан алыс жерде айып добы белгіленіп, 30-минутта Миккель Дамсгордың соққысы нысанаға дәл тиді. Алайда дат ойыншыла­рының қуанышы көпке созылмады. Араға 9 минут салып Симон Кьер өз қақпасына гол салып алды. Бұ­дан соң қосымша тайм белгіле­ніп, матч тізгінін Англияның аяқ­допшылары алды. Нәтижесінде Рахим Стерлинг қарсылас қақпа­сының айып алаңына кіріп, құла­ды. Бас төреші бірден пенальти берді. 11 метрден айып­ добын соққан Хари Кейн алғашқыда мүлт кетсе де, қақпашыдан кейін серпілген допты нысанаға дәл дарытты. Осылайша ағылшындықтар өз тарихында алғаш рет кәріқұрлық додасының финалына жолдама алды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp