«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАБИҒИ ПАРК АУМАҒЫ АМАН ҚАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында кепкен шөп өртеніп, 100 га аумақ жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 шілде күні сағат 12.47 минут кеткенде 101 нөміріне Айыртау ауданы Имантау ауылына 5 км жетпей кепкен шөптің өртенгені жөнінде хабарлама түседі.

От жақын маңдағы Қарауылтөбе орман шаруашылығының аумағына да кіріп, қайың-қарағай жана бастаған.

Жалынмен күреске жедел түрде СҚО ТЖД құрылымдары: жеке құрамнан 114 адам, 16 техника және тікұшақ жұмылдырылды.

Көмекке «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктің Арықбалық, Шалқар филиалдары, жергілікті шаруашылықтар мен тұрғындар келді.

Жедел түрде әрекет етудің арқасында өрт әрі қарай табиғи парк аумағына таралмай, сөндірілді. Мамандар онымен бес сағат күресті.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын ала есеп бойынша 100 га жер жанып кетті.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp