«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бір орынға шамамен 3 адам таласпақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімдерінің сайлауына 237 адам тіркелді, оның 163-і – өзін-өзі ұсынғандар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуынша, ауыл әкімдерінің сайлауына түсуге 237 кандидат тіркелсе, соның 74-і саяси партиялардан, 163 адам – өзін-өзі ұсынушы. Бір орынға шамамен 3 адам таласпақ.

Қызылжар ауданы Бугровое ауылдық округінде 5 кандидат тіркелді, 61 сайлау округінде – 3, 9 округте 4 кандидаттан бар.

«237 кандидаттың құжаттары уәкілетті органдармен заңдылыққа тексерілді, олардың 223-інің құжаттары сәйкес келеді. Тексерістің қорытындысы бойынша 14 кандидатқа әрі қарай сайлауға қатысуға рұқсат берілмеді. Жалпы 237 кандидаттың 70-і – әйел, бұл барлық кандидаттардың 29,5 %-ы. 110 кандидат – мемлекеттік қызметші, соның ішінде 43-і ауыл әкімі болып жұмыс істейді. 13-і – коммерциялық құрылымның өкілі, 88-і – бюджеттік ұйымның қызметкерлері, 6-уы – уақытша жұмыс істемейді», – дейді Тілеген Қаскин. Кандидаттардың біреуі – «Болашақтың» түлегі.

Сондай-ақ кандидаттардың ішінде экономистер, заңгерлер, ұстаздар, ауыл шаруашылығы қызметкерлері бар. Сайланушылардың орташа жасы – 41. Ең жасы – 27-де болса, ең ересегі – 62-де.

«Бір кандидат өз еркімен құжаттарын алды. Өңірде екі кандидаттан аз ауылдық округ жоқ. Әлі кандидаттар тіркеліп жатыр. Бұл процесс 14 шілде, сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Тіркеу аяқталғаннан кейін кандидаттар үгіт-насихат жұмысын бастайды. Ол 24 шілдеге дейін жалғасады. Бұл мақсатқа аудандық маңыздағы қала әкіміне кандидатқа – 230 мың теңге, ауылдық округ әкіміне карндидатқа 220 мың теңге беріледі», – дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp