«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екпе алғандар арасында алдамыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Пандемия басталғалы өңірімізде коронавирус инфекциясын барлығы 15620 адам жұқтырды. Шілденің 11-і күні облыста 31 тұрғынның қауіпті дертке шалдыққаны белгілі болды. Сырқаттанғандардың 25-інде, яғни 81 пайызында ауру белгілері анық байқалған.

Пандемия басталғалы бері облыста ПТР әдісімен 377417 зерттеу жүргізілді, оның 4,1 пайызында ауру анықталған. Өткен тәулікте 410 зерттеу жүргізілді. Облыс орталығында індет 15 адамнан анықталса, Қызылжар ауданында 7, Есіл ауданында 3, Тайынша және Аққайың аудандарында 2, Шал ақын мен Тимирязев ауданындарында бір жағдайдан тіркелді.

Солтүстік Қазақстан облысы екпе алғандар саны бойынша республикада көш бастап тұр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Өңір тұрғындарының 28,5 пайызы вакцияна салдырған, екінші орындағы Алматы облысында 28,3 пайыз, Шымкент қаласында 28 пайыз. Облыс бойынша екпенің бірінші компонентін салдырғандар саны 160964 адам болса, екінші компонент 81818 тұрғынға егілді.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp