Қала күніне орай “Qyzyljar” арт орталығының алаңында “Әлемнің кілті – әйелде” атты фотокөрме ашылды. Шараны облысымыздың іскер әйелдер қауымдастығы және әйелдер күштері альянсының облыстық филиалдары ұйымдастырды.
Қауымдастықтың әр мүшесінің қабырғаларға ілінген суреттері көрермендердің қызығушылығын тудырды. Суреттердің жалпы саны – 55. Сонша жерлесіміз қауымдастыққа мүше болып қана қоймай, түрлі саланың дамуына үлес қосып жүр. Көрме аяқталғаннан кейін суреттер қатысушыларға ұсынылмақ.
– Біз бұл көрме арқылы нәзік жандар отбасында ғана емес, қоғамда да белсенді екенін дәттегіміз келді. Өңіріміздің дамуына үлес қосып жүрген оларды қызылжарлықтар танып, білуілері керек, – дейді іскер әйелдер қауымдастығы облыстық филиалының төрайымы Елена Семидоцких.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.