«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Салғырттық сан соқтырмасын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық төтен­ше жағдайлар басқармасының қызметкерлері облыс орталы­ғындағы қауіпті су айдында­рын­­да рейд өткізді. Бұл шараға же­дел-құтқару жасағының ма­мандарымен бірге полиция қыз­меткерлері де жұмылды­рыл­ды.

– Рейдттің мақсаты су айдында­рында төтенше жағдайларды, шо­мылу кезінде қайғылы оқиғаларды болдырмауды көздейді. Оның ба­рысында жүргізілген жұмыс оң нә­ти­же беретініне сенімдімін, – деді облыстық төтенше жағдайлар жө­ніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник Мұрат Қанғожинов.

Шара барысында су ай­дында­рында жүрген тұрғындарға наси­хат жұмыстары жүргізілді, жа­ды­намалар таратылып, судағы қа­уіпсіздік ережелері түсіндірілді. Ма­мандар балалардың қауіпсіздік ере­желерін сақтауына ерекше на­зар аударды. Өйткені шомылу мау­сымы басталғалы сәбилердің су түбіне кету оқиғалары азаймай отыр. Бұл ретте олардың рұқсат етіл­меген жерлерде, ата-аналарының қарауынсыз шомылғанын айтып өткен жөн.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp