«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шапан — кәделі киім

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінің мамандары қашықтан “Музей құпиялары” атты сабақ өткізді. Бұл шараның тақырыбы халқымыздың ұлттық киім-кешектеріне арналды.

Өткен тарихқа көз жүгіртсек, қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болмағанын аңғарамыз. Ұлттық киім қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды.

Ер адамдарға арналған сырт киімдердің бірі – шапан. Ол жібек, тоқыма, мақта, жүннен, кейде кү­деріден де тігіледі. Шапанның бірнеше түрі бар. Қа­зақ халқының арасында сыйлы адамдарға ша­пан кигізу дәстүрі кең тараған.

Шекпен – түйенің иірілген жүнінен тоқылатын сырт киім. Оны киген адамның денесіне жел өт­пейді, су тигенде түйе жүні ширығып тығыздала тү­седі. Бұрынғы уақытта мұндай сырт киімге дәу­летті адамдардың ғана қолы жеткен.

Сабақ барысында қатысушылар шапан мен шекпеннің қандай киім екеніне, қазақ ұлттық дәстүріндегі алатын орнына қаныға түсті.

Әсемгүл ҚЫДЫБЕКОВА,

“Абылай хан резиденциясы” музей-кешені директорының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp