«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үйден кеткен 14 жасар бала Петропавлдан табылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында жоғалған 14 жастағы жасөспірім аман-есен Петропавлдан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 жастағы жасөспірімнің жоғалғаны туралы Мамлют ауданының полиция қызметкерлері WhatsApp мессенджерінен білген екен.

Мектеп оқушысы ұрыстан кейін туысының үйінен кетіп қалған.

Жасөспірімді табу үшін аудандық полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын қарау кезінде жасөспірімнің күндізгі сағат 12.00 шамасында аудан орталығынан Петропавлға кеткенін анықтады.

Ер бала жол-жөнекей кездескен көлікке мінген екен. Іздеуге «Lider.KZ» волонтерлері қосылып, әлеуметтік желілерде жасөспірім жайында бағыттама таратты.

«Қараңғы түсуі, балада ұялы телефонның болмауы іздеуге қиындық туғызды. Жоғалғанға қатысты бағыттама барлық әлеуметтік желілер мен Мамлют және Петропавл қаласының мессенджерлеріне таратылды», – дейді Мамлют ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Ерлан Дәулетов.

Жоғалған жасөспірім аман-есен табылды. Оны Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде түнгі сағат 2.00 шамасында тұрғын байқап қалған.

Әйел бірден волонтерлер көрсеткен нөмірге хабарлаған. Ол полиция келгенше баланың қасында болған. Сол түні мектеп оқушысы анасымен қауышты.

Жыл басынан бері СҚО-да із-түзсіз жоғалған 219 адам табылды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp