«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

1,5 МЫҢҒА ЖУЫҚ БЕЙНЕКАМЕРА БАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында бейнебақылау камераларының көмегімен жарты жылда 11 мыңнан аса құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде тәулік бойы 1451 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның 410-ы облыс орталығында орнатылған.

Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашуда бейнебақылау жүйесінің көмегі зор.

Бүгінгі таңда техникалық құралдардың көмегінсіз жолдағы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшедегі қылмыстарды ашу мүмкін емес.

Петропавл қаласы полициясының жедел басқару орталығы 2008 жылы құрылған.

«102» жедел арнасына хабарламалар мен қоңырауларды қабылдау, камералар бойынша көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдайды мониторингілеу, полицей патрульдердің күштері мен құралдарын үйлестіру.

Тәжірибелі полицейлерден құралған кезекші ауысым тәулік бойы орталықта қызмет атқарады.

Алты айда қалалық полицияның «102» арнасына қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы 80 мың хабарлама келіп түсті, 15 мыңнан астамына шұғыл әрекет ету талап етілді.

СҚО ПД штабының аға инспекторы Алена Ткаченконың айтуынша, жыл басынан камералардың көмегімен 8353 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Оның ішінде 6675 жол жүрісі ережелерін бұзушылық, сондай-ақ 1500 аса факті қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішуге қатысты.

Сонымен қатар қылмыстарды ашуға ықпал еткен 140 факті: оның ішінде 47 ұрлық пен 18 бұзақылық дерегі анықталған.

Жалпы облыс бойынша камералардың көмегімен 11 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, 451 қылмыс ашылды.

1 ақпаннан бастап кезекші бөлімдердің және жедел басқару орталықтарының жұмысына жаңашылдық енгізілді: полицейлер құқық бұзушылықтар туралы мәтіндік хабарламалар мен фото, видео материалдарды бірізді байланыс қағидаты бойынша «102» мобильді қосымшасы арқылы қабылдайды (ҚР ІІМ арнайы мобильді қосымшасы, оны App Store, немесе Google Play арқылы жүктеуге болады).

Бүгінгі таңда бірізділік арқылы жедел басқару орталығына 169 хабарлама келіп түсті, оның 13 видео, қалғаны – мәтін түрінде.

144 хабарлама бойынша кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 2 өтінім тіркелген.

Қалғаны бойынша құрамында қылмыс болмауына байланысты материалдар номенклатуралық іске жазылды.

Күн сайын Петропавлда қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 200-ден астам полицей кезекшілікке түседі.

Олар 5 модульде және 57 жаяу бағытта кезекшілік атқарады, жол қауіпсіздігін 26 автопатруль қамтамасыз етеді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp