«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Алтын сападан” үмітті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңіріміздегі шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған “Алтын сапа” сыйлығына қатысуға өтініш берді.

“Алтын сапа” сыйлығының жеңімпаздары байқау нәтижесінде анықталады. Байқаудың бұған дейінгі жүлдегерлері қатарында тауар шығару немесе қызмет көрсету саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тиімді технологияларды іске асырған кәсіпорындар аз емес.

Шараға тауар өндіріп, түрлі қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлер де, заңды тұлғалар да қатыса алады. Дегенмен қару және әскери техника шығаратын мекемелер бұл байқауға қатыспайды.

– Биыл “Алтын сапа” байқауына облыстан 4 кәсіпорын қатыспақшы. Бұлар – полипропилен қаптарын шығаратын “SMBGROUP Family”, шұлық, бас киім тоқитын “МАТЕХ”, жұмыртқа өндірісімен айналысатын “ПТФ Есильская” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және топырақ сараптамасы мен тұқымның сапасын анықтайтын “Agro Lab” агрохимиялық зертханасы, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Магамед Дудаев.

Өңірлік деңгейде өтінішітерді сараптамалық топ тамыздың 1 мен 15 аралығында қарастыратын болады. Топ құрамына сапа менеджменті жүйесін сертификациялау бойынша сарапшы-аудиторлар мен түрлі салалардың мамандары, қоғамдық бірлестіктердің және жергілікті атқарушы биліктің өкілдері кірген.

– Республика деңгейіндегі жеңімпаздар жыл соңында анықталып, ел Президентінің қатысуымен өтетін салтанатты шарада марапатталады. Жеңімпаздарға арнайы белгі табысталады. Бұл белгілерді жарнамаларда, қаптамаларда төрт жыл көлемінде пайдалануға болады. Сонымен қатар лауреаттар 450 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі сыйақыға ие болады, – деп түйіндеді Магамед Дудаев.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp