ОРНЫНДА БАР ОҢАЛАР
Екі қолға бір күрек таба алмаған жастардың жұмыс іздеп шартарапқа тарыша шашырап кетуіне байланысты кеше ғана алтын бесік саналған көптеген ауылдар қазір картада жоқ, енді біразының жабылудың аз-ақ алдында тұрғаны баршаға мәлім. Солардың бірі – Жамбыл ауданындағы Қарақамыс ауылы. Бұрын жүзден астам отбасы тұрған елді мекенде қазір он үй түтін түтетіп отыр. Оқушылардың аздығына байланысты …