«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шетелдерден келгендер арасында коронавирус көп анықталуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында шетелдерден келген адамдардың арасында КВИ жағдайлары тіркеліп жатыр. Ауырғандар негізінен Ресейден келген адамдар арасында көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 шілдеде Ресеймен шекаралас автомобиль жолдарындағы шекаралық бақылау бекеттері арқылы 980 адам өткен. Жаяу жолаушылардың 723-де ПТР талдаудың теріс нәтижесі көрсетілген анықтама болған.

«Анықтамасыз шекарадан өтпек болған қазақстандық 16 азамат карантиндік стационарларға орналастырылып, COVID-19-ға ПТР тест тапсырды. 2 шетел азаматына кіруге тыйым салынды, өйткені Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын өтер сәтте олардың қолында тестілеуден өткені туралы жарамды анықтама болмаған», – дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағандықова.

Жалпы 2020 жылдың 6 қазаны мен 2021 жылдың 12 шілде аралығында Ресеймен шекаралас автомобиль жолдарындағы ҰҚК-нің шекаралық бақылау бекеттері арқылы 182 548 адам өткен.

«Осы аралықта өткен жаяу жолаушы – 84 180 адамда ПТР тестілеудің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамалары болған. Елдің 4 742 азаматы анықтамасыз келді және COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарларға орналастырылды. Нәтижесінде 308 адамның коронавирусты жұқтырғаны анықталды, оның ішінде 37 адам инфекциялық стационарға орналастырылды және 271 адам амбулаториялық емдеуге жіберілді», – дейді Айнаш Сағандықова.

Маманның айтуынша, шетел азаматының қолында ПТР тест қорытындысы болмаса, елге кіруге рұқсат жоқ. Осылайша, 987 шетелдік азаматқа шекараны кесіп өтуге тыйым салынды.

Ал вакцинациялаудың толық курсын алған азаматтарға шектеу жоқ. Шетелден осындай 3113 қазақстандық келген. Олардың 2320-сы жаяу өтсе, 793-і жүк тасымалдаушы.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp