«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛЫҚШЫҒА ШАБУЫЛ ЖАСАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында бір күннің ішінде жазатайым оқиғадан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 шілде күні Есіл ауданында 60 жастағы ер адам аттан құлап мерт болды. Ақжар ауданында симментал бұқасы балық аулап отырған 67 жастағы балықшыға шабуыл жасаған. Біраз уақытқа малды иесіз қалдырған бақташы қайтып келгенде жаралы ер адамның үстінен шыққан. Ауыр жарақат алған ауыл тұрғыны аудандық ауруханада қайтыс болды.

Аталған фактілер бойынша аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері тексерістер жүргізіп, сараптамалар тағайындады.

Ақжар ауданындағы оқиға малды қараусыз қалдырудың қауіпті екенін тағы да көрсетіп отыр. Бақташы денсаулыққа зиян келтіруге әкеліп соқтырған, мал жаю ережелерін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы 2-бөлігі бойынша жазаланды. Жалпы жыл басынан осы бап бойынша 1229 хаттама толтырылды.

«Иелері анықталғанға дейін арнайы қамау орындарына 3225 мал қамалды. Облыс тұрғындарын заңнама талаптарын сақтауға, малдың еркін бағылуына жол бермеуге және малды күту кезінде сақ болуға шақырамыз», – дейді СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp