«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Биыл 8 мыңнан астам бүлдіршін 1-сыныпқа барады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 8 мыңнан астам бүлдіршін 1-сыныпқа барады. Бұл осыдан үш жыл бұрынғы бала санынан 13,5 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімдігінде бүгін ұлттық бірыңғай тестілеуді қорытындылаған жиын өтті.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, тестілеуге барлық түлектің 72,5 %-ы, яғни әр төрт оқушының үшеуі қатысты. Бұл – жоғары көрсеткіш.

«ҰБТ-да облыс түлектері алған орташа балл – 74,8. Республикалық көрсеткіш – 69,08 балл. Бұл – жоғары оқу орындарына түсуге жақсы мүмкіндік. Биыл жергілікті университетке берілетін грант саны кем дегенде 25 %-ға артып, 4,5 мыңға жетеді деген үміттеміз. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 3 есе көп болмақ», – деді Құмар Ақсақалов.

Түлектерді өңірде ұстап қалу үшін жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы жақсартылады, екі жатақхана салынбақшы.

Мектеп оқушыларының саны да артып келеді.

«Осыдан үш жылмен салыстырғанда биыл жалпы оқушы саны 4 %-ға артқан. Бірінші сыныпқа баратын бала саны 13,5 %-ға көп, яғни 8 мыңнан астам бүлдіршін алғаш мектеп табалдырығын аттайды. Осыны ескере отырып, біз мектептердің жағдайын жоспарлы түрде жақсартып атырмыз. Соңғы екі жылда 10 млрд теңгеге 249 білім нысаны жөнделді. Биыл 4,3 млрд теңгеге 56 мектеп күрделі жөнделіп жатыр. Осылайша өңірдегі барлық мектептердің 63 %-ының жағдайы жақсарады», – деді СҚО әкімі.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, екі ауылда мектеп құрылысы басталмақ.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Петропавлда 1200 орындық жаңа мектеп салынады.

Жалпы өңірді кешенді дамыту бағдарламасы бойынша 16 мектеп салу жоспарланған.

«Назарбаев Университеті негізінде Петропавлда тағы бір жоғары оқу орнын ашуды жоспарладық. Әлемдегі озық жоғары оқу орындарының бірі – Аризона университетімен келіссөздер жүргізіліп жатыр, олар академиялық серіктес болуға қарсы емес.

Білім беру саласына қаржы құю өз нәтижесін беріп жатыр. Уәде еткен істерді кезең-кезеңмен жүзеге асырып жатырмыз. Бұл бәсекеге қабілетті, білімді жастарды тәрбиелеу үшін маңызды», – деді Құмар Ақсақалов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp