«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жомарт жүрек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Біздің өңірімізде туған жер­лерінің гүлденуіне атса­лысып отырған қалталы азаматтар аз емес. Бір ғана “Атамекен” кіші бағдарла­масы аясында 2019 жылы меценаттардың ақшалай қаражаты есебінен жалпы құны 1,4 млрд. теңге бола­тын 618 жоба іске асырыл­ды. Соның ішінде 25 нысан салынып, 402-сі қайта жа­ңартылса, 191 қайырым­дылық жоба іске асты. Бі­лім беру, мәдениет, эко­логия, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, спорт, әлеуметтік салалар бо­йын­ша түрлі жобалар жү­зе­ге асырылуда.

Жомарт жандардың арқа­сында облыс аудандарындағы және Петропавл қаласындағы көптеген гүлзарлар мен сая­бақтар абаттандырылды, мек­тептер, спорттық және мәдени кешендер, сауықтыру орта­лық­тары, ескерткіштер жөнделді, жұмыс күші көп өңірлерден өңірімізге қоныс аударушыларға арналған үйлер, тұрғындар үшін медициналық және демалыс орталықтары, балалар алаң­дары салынды.

Меценаттардың туған өлке­нің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері назар­дан тыс қалған жоқ. 2018 жылдан бастап жыл сайын облыста “Жо­март жүрек” сыйлығымен биз­нес-құрылымдардың басшыла­ры мен өз ісінің үздіктері ма­рапат­талады. Олар бес аталым бойынша анықталады. Олар мы­налар: “Жыл меценаты” (аз қам­тылған, көпбалалы отбасы­лар­ға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қал­ған балаларға, мүмкіндігі шек­теулі жандарға, ҰОС ардагер­леріне, зейнеткерлерге өтеусіз кө­мек көрсеткені үшін), “Туған өлке” (елді мекендерді абат­тан­дыруға, саябақтарды, аллеялар­ды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын қайта жаңар­туға және салуға, денсаулық сақ­тау, мәдениет, білім беру және спорт саласында демеушілік кө­мек көрсеткені үшін), “Жыл тұл­ғасы” (белсенді азаматтық ұста­нымы, әртүрлі бағыттардағы кең ауқымды қайырымдылық қыз­меті үшін (тек жеке тұлғалар үшін), “Ерен ерлік” (волонтерлік қызметке қатысқаны үшін), “Жыл­­дың үздік ұйымы” (әлеу­меттік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды не­ме­се акцияларды тиімді іске асырғаны үшін, қайырымдылық көмектің жаңа тиімді ны­санда­рын енгізгені және қоғамдық ма­ңызы бар іс-шараларға көрсет­кен демеушілігі үшін беріледі (тек заңды тұлғалар үшін).

2019 жылы “Жыл меценаты” аталымының жеңімпазы белгілі кәсіпкер Геннадий Зенченко бол­ды. Жерлесіміз Есіл өзені ар­қы­лы Қызылжар ауданындағы Но­воникольское ауылына көпір сал­ды. Жоба құны – 2600,0 млн. тең­гені құрады. Еркебұлан Мәм­бе­т­ов “Жыл тұлғасы” атанды. Ол ба­ла­лар ойын алаңын ор­натуға, му­зы­ка­лық аппаратура, ролл-пер­­де сатып алуға, өзі ту­ған Мам­лют ауданындағы Мең­гесер ауы­лы спортшыларының әйелдер кү­ресі бойынша ха­лықаралық жа­рыстарға қатысу үшін Түркістан қаласына бару­ларына демеу­ші­лік көмек көр­сетті. “Заградов­ское” жауап­кер­шілігі шектеулі се­ріктестігі “Жыл­дың үздік ұйымы” болып та­нылды. Фирма дирек­то­ры Иван Фисенко Заградовка ауылдық Мәдениет үйінің аума­ғын абат­тандырды, білім беру са­ласына қолдау көрсетті. “Туған өл­ке” ата­лымында – айыртаулық Асылбек Қожахметов жеңіске жет­ті. Ал­маты менеджмент уни­верси­теті­нің басшысы, бизнес­мен өз қа­ражатына Антоновка орта мек­те­біне күрделі жөндеу жұ­мыста­рын жүргізді. Аудан мек­тептері­нің 360 педагогын қайта даярлау үшін іссапар шығын­да­рын төле­ді. Ол көрсеткен демеу­ші­лік қа­ражат­тың жалпы сомасы – 73,26 млн. теңге. “Ерен ерікті­лік” – Ва­силиса Толеуге бұйыр­ды. Ол 32 адам­нан тұратын қа­йырым­ды­лық тобын құру баста­масын көтеріп, “Полу­дин бала­лар үйіне” және “Петро­павл ба­ла­лар үйіне” де­меу­шілік көмек көр­сетті. 2019 жы­лы үш ме­ценат “Жомарт жү­рек” рес­пуб­ликалық байқауында “Жыл ме­це­наты”, “Жыл адамы” және “Жыл­дың үз­дік ұйымы” ата­лым­да­ры бойын­ша марапат­талды. Былтыр пан­демияға байланысты марапат­тау рәсімі өткен жоқ. Үздіктерді анықтау биыл жалғаспақ.

Нұржан САДЫҚОВ,

облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp