«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауыл мектептері жөнделуде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім ошақтарының басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ткаченконың айтуынша, 56 мектепті қалпына келтіруге барлығы 4,3 млрд. теңге бөлінген. 38 білім ошағы ауылдарда орналасқан. 3 млрд. 152 млн. теңге “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында бөлінген. Қазандықтар сыртқа шығарылып, шатырлары, едендері, терезелері мен есіктері ауыстырылады. “Жас маман” бағдарламасы бойынша колледждер заманауи қондырғыларға ие болады.

Қызылжар ауданына қарасты Большая Малышка орта мектебі осыдан 46 жыл бұрын қолданысқа берілген екен. Содан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Тек кіреберістегі терезелер ғана жаңаланыпты. Қазір мұнда 176 бала білім алады. “Жарты ғасырлық тарихы бар мектепті қалпына келтіруге 130 млн. теңге бөлініп отыр. Жөндеу жұмыстарымен “Доломит” ЖШС-і айналысады. 30 адамнан құралған бригаданың қимылы ширақ. Жұмыс сапасына үш жылға дейін кепілдік береді. Ата-аналар мен оқушылардың қуанышында шек жоқ. Білім ошағы биоотынмен жылытылатын болады”, – дейді мектеп директоры Наталья Машкина.

Барлық мектептердің жөндеу жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталуы тиіс.

Әсел ОРАЗБАЕВА,

облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp