«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мемлекетке қайтарылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда 64 ерекше қорғалатын тари­хи және мәдени ғимарат бар. Бүгіндері олар­дың 47-сі жекеменшіктің иелігінде, биыл біреуі мемлекетке қайтарылмақ.

Осыдан бес жыл бұрын “Қалыңдық үйі” деп ата­ла­тын нысан апатты жағдайда деп танылып, күр­де­лі жөндеуден өткен болатын. Бұл мақсатқа 60 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Алайда ғимарат­тың қабырғалары сөгіліп, қайта жаңартуды талап етуде. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және ар­хив ісі басқармасы мамандарының айтуынша, та­рихи-мәдени ескерткіш жыл соңына дейін мемле­кет меншігіне қайтарылып, келер жылы қайта жөнделеді.

– 2000-шы жылдан бастап тарихи-мәдени ес­керт­кіштерді сатуға заңды түрде рұқсат берілді. Бү­гінгі күні жекеменшіктің қолына өткен ғимараттар­дың үшеуі саудаға шығарылды. Кәсіпкерлер нысан­дардың сыртқы келбеті мен құрылыс жоспарын өзгертпеуі тиіс, – дейді облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Рахат Мәмбеталинов.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp