«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шеберлік сағаты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында та­ғам­ға қосатын түрлі аскөк­тер өсі­ру бойынша шеберлік сағаты өтті. Тегін оқыту ша­расын “Green help” қоғамдық бірлес­тігі ұйымдастырды.

Өңірімізде адам ағзасына аса қа­жет дәрумендер, аминқыш­қыл­дары мен микро және макроэлементтерге бай аскөктерді өсіре­тіндердің қатары қалың. Көкөністің бұл түрін қаладағы ірі сауда үйле­рінен сатып алуға неме­се үй жағ­дайында өсіруге де болады.

– Шеберлік сыныбын USAID ұйы­мының гранты аясында іске асы­рып жатырмыз. Кез келген өңір тұр­ғыны әлеуметтік желілер арқылы біздің тегін курсымызға жазылып, аскөкті үй жағдайында өсірудің қыр-сырын мең­гере алады. Алғаш­қы сабақ бары­сын­да дәріс тыңдау­шыларға қажетті құ­рылғылар мен тұқым береміз. Бір ап­тадан соң олар қайта келіп, бізге өзде­рі өсірген өскіндерді көрсетеді, – деді “Green help” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қайыржан Айсин.

Бұл кәсіп түрін жыл соңына дейін 300-ге жуық адамға үйрету көзделуде. Аскөк өсірумен айна­лысуды көзде­гендердің арасында төрт баланың анасы Анаргүл Бай­молдина да бар.

– Мен тапсырыс бойынша тәтті то­қаштар, салаттар әзірлеймін. Аскөк өсі­ріп үйренсем, тағамдарым тіпті пай­далы әрі көрікті бола түсер еді, – деп қуанышымен бөлісті жерлесіміз.

Шеберлік сағатын өткізу үшін бұл салада 30 жылдық еңбек өтілі бар Татьяна Дмитриева арнайы ша­қыр­тылған. Екі күндік оқуды тамам­даған жандар арнайы сертифи­катқа ие болады.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp