«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІЗГІЛІКТІҢ ОРДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мара­патталды.

Екі кезең бойынша өткен бай­қауға 29 отбасы қатысты. Ұлттық құндылықтар мен дәстүрді наси­хаттап, көпке үлгі болған отба­сылардың арасынан жүзден жүй­рік атанған жеңімпаздарды об­лыстық ішкі саясат басқар­масы­ның басшысы Кемел Оспанов құттықтады.

– Елімізде бірнеше жылдан бері үзілмей ұйымдастырылып келе жатқан бұл жоба ерекше қол­дауға ие. Жыл өткен сайын бай­қауға қатысуға ниетті отба­сылар саны артуда. Бақытты ба­лалық шақ, алаңсыз қарттық пен әрбір шаңырақтың шаттығы – мемлекет саясатының ең басты құндылығы. Туған елге деген ма­хаббат алдымен отбасынан бас­тау алады, – деген Кемел Оспа­нов байқауға қатысушыларға ризашылығын жеткізіп, бұл ша­ра­ның маңызына тоқталды.

Облыстық байқаудың қоры­тындысы бойынша бірінші орын Шал ақын ауданынан келген Крейдундер отбасына бұйырды. Ерлі-зайыпты Инна мен Сергей Крейдун 28 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді, екі баланы тәрбиелеп өсірді. Жүрегі ізгілік пен мейірім, махаббатқа толы жұбайлар тағы бес сәбиді асырап алып, көпба­лалы отбасы ретінде көпке үлгі болуда. Ал екінші орынды Мам­лют ауданынан қатысқан Сағын­дықовтар, үшінші орынға ақжар­лық Бекенай отбасы ие болды.

– Біз еліміз егемендік алған соң, 1992 жылы ата-анамызбен Мо­ңғолиядан көшіп келдік. Ата­мекенге оралған кезде 7 жаста болатынмын. Осы жерде білім алып, өсіп-өндік. Зайыбым Роза екеуміз 2010 жылы отбасын құрдық. Бүгінде 1 ұл, үш қызы­мыз бар. Кенжеміз 1 жас 3 айда. Өзім Ақжар ауданындағы “Сер­пер” өнер мектебінде домбы­радан сабақ берсем, зайыбым Бестерек орта мектебінде жұ­мыс істейді. Бұл байқауға үлкен дайындықпен қатыстық. Отба­сының береке-бірлігін арттыра­тын осындай байқаулар жиі ұйымдастырылуы керек, – деді Тұңғышхан Бекенай.

Байқау соңында Петропавл қаласы мен өзге де аудан­дар­дан қатысқан отбасылар түрлі аталымдар бойынша диплом­дар­мен марапатталса, жеңім­паздарға сертификаттар табыс етілді.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp