«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мал ұрлаумен айналысқан екі адам ұсталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында мал ұрлығымен айналысып келген екі ер адам ұсталды, екеуі де бұрын сотталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мамлют ауданындағы ауылдардың бірінде бақташының байлаудағы жылқысы жоғалады. Өз күшімен іздеу еш нәтиже бермеді. Кейін табын иесі Мамлют ауданының полиция бөліміне жүгінген. Уақыт өткендіктен қылмыскерді ізін суытпай ұстау мүмкін болмады. Алайда полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде екі күдіктіні анықтады.

Оның бірі – Қызылжар ауданының бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Биыл ол ескі әдетіне басып, Жамбыл ауданында екі қой ұрлағаны үшін ұсталды. Сол кезде ер адам мал иесімен татуласып, жазадан құтылды. Енді оның жәбірленушілердің кешірімін алуына жол жоқ. Екіншісі – бұрын қарақшылық үшін сотталған 43 жастағы Петропавл тұрғыны. Күдіктілердің аудан аумағында тағы бір жылқы мен үш қошқарды ұрлауға қатысы бары анықталды. Аталған фактілер «Мал ұрлау» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Күдіктілердің айтуынша, олар жалға алған көлікпен еркін жайылымда жүрген немесе қараусыз қалған малдарды аңдыған. Кейін малдарды бірінің жер үйінің ауласында мүшелеген, сол үшін қасапшылардың қызметін пайдаланған. Қаіргі уақытта күдіктілер тергеу изоляторында қамауда отыр», – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Иса Мұстафин.

Жыл басынан облыста 18 мал ұрлау фактісі тіркеліп, бүгінгі таңда оның 16-сы ашылды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp