«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балықтың неден қырылғаны белгілі болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында мамандар Қарабек көлінде балықтың неден қырылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы Қарабек көлінде балықтың қырылуына ауа райы себеп болған.

«Маусымның соңы мен шілде айының басында бірнеше күн ыстық және тымық ауа райы сақталды. Осыған байланысты көл бетінде үлдір пайда болған. Мұндай жұқа қабық оттегіні өткізбейді. Көл суында органика жоғары, ол шіру арқылы оттегіні жояды. Салдарынан балық оттегі жетіспеушілігінен қырылып қалған», – дейді Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы Ильдар Кәкімов.

Маманның айтуынша, Қарабек көлінде 560 кг балық қырылған.

Естеріңізге салайық, 4 шілде күні әлеуметтік желіде Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғындары жергілікті көлде балықтың қырылып жатқанын жариялап, жұрттың назарын аударған еді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp