«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАРА ДАРЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыс­тық ғылыми-әмбебап кітап­хана мамандары оқырмандар на­зарына көрнекті компо­зи­тор, педагог, Қа­зақстанның Ха­лық әртісі Латиф Хамидидің туғанына 115 жыл то­луына орай “Арт – энциклопе­дия” де­ген тақырыпта дәріс өт­кізді.

Оның барысында оқырмандар Ла­тиф Хамидидің өмірі мен өнері ту­ралы мол мағлұматпен танысты. Фор­тепиа­ноға, халық аспаптар ан­самбліне, ішек­ті квартетке арнап таң­ғажайып туындыларды дүниеге әкел­ген өнер­паз түрлі, деректі, таны­мал ғылыми, көркем фильмдер мен драмалық қо­йы­лымдарға музыка жазды. Өнер­ге да­ра жол салған ол қазақ музыка­сы­ның орыс және әлем­дік мәдениет элементтерімен баий түсуіне ықпал етті.

Вокал жанры Л.Хамиди шығарма­шылығының ең маңызды бөлігі. Дәл сол арқылы композитор қазақ музы­ка­сының рухы мен мінезін түсінді. Хор музыкасы саласындағы жаңа­шыл­дық­ты көрсете отырып, Латиф Хами­ди халық әуендеріне негіз­делген хор шығармаларына табиғи және органи­калық полифониялық үйлесімділік жасады. Артына өлмес мұра, өшпес із қалдырған осындай тамаша дарын­ның өнегелі өмірі жай­лы айтылар әң­гіме таусылар емес. “Арт – энци­кло­пе­дия” дәрісінде оқыр­­мандар өзге де тың деректер­мен сусындады.

Қарлығаш ӘЛІМБАЕВА,

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың кітапханашысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp