«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көздің жауын алады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының тұрғыны Ирина Макарова зергерлік бұйым жасаумен айналысады. Оның қолынан шыққан моншақ, сырға, білезік пен сақинаның түр-түрі көздің жауын алады. Бүгінде Ирина сүйікті ісін табыс көзіне айналдырып отыр.

– Түрлі ұсақ моншақтардан бұйымдар жасау­ды бала күнімнен жақсы көретінмін. Сәбиімнің күтіміне байланысты демалыста болғанымда бұл істі жалғастырғым келді. Осылайша жаңа жыл­дық ойыншықтарды жасай бастадым. Әшекей бұйымдар қыз-келіншектердің көркі ғой. Бүгінде менің жасаған дүниелеріме қызы­ғушылық танытып, тапсырыс беретіндердің қа­та­ры артып келеді, – деді Ирина Макарова.

Зергерлік бұйымдарды немесе үйге арнал­ған сәндік заттарды жасауда шебер тек сапалы материалды пайдаланады. Мәсе­лен, ол сва­ровски тастарын, италиялық пайет­каларды, жа­пон майда моншақтарын қолданады. Зергердің айтуынша, әр­бір жұмыстың өз қиын­дығы бола­ды. Бірақ ол әше­кей бұйымдарды жа­сау арқылы ерекше ләззатқа бөленетінін, сон­дықтан жұ­мыс­ты талғаммен, шеберлікпен орын­дауға ты­рысатынын айтады.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp