«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҒЖАН ТАҒЫЛЫМЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ХХ-шы ғасырдың басында, Әли­хан Бөкейхановтың басшы­лы­ғымен “Алаш” партиясының ма­ңы­на топтасқан зиялылар, бос­тан­дық алудың бір ғана жолы ха­лықты сауаттандырып, қараңғы­лық бұғауынан босату деп білді. Осы себептен де ат төбеліндей аз ғана топ өздерінің бар өмірін оқу-ағарту жолына бағыттады. Бұл баба­ларымыздың бірі ақын, бірі әдебиетші, ин­женер, зерттеу­ші, саясаткер бола тұра, ел­ді бұ­ғау­дан алып шығатын жалғыз жол, ағартушылық екенін түсінді. Түсінді де, әр­қайсысы әртүрлі пән­дерден оқулықтар, әдістемелік құ­ралдар жазды. Бәрі бірігіп халық­ты оқу-білімге шақырды. Олар осы жолда бар мүмкіндікті пайда­лана білді.

Ұлтымыздың осы ұлы адамда­рының үлгі-өнегесі негізінде, жастарды тәрбиелей алсақ, онда болашағымыздың да берік, мықты болары сөзсіз. Жастарды тәрбие­леуде қолданылатын ең басты тәрбие құралының бірі, біздің па­йымдауымызша, халықтық тәр­бие көздері. Ол үшін тәр­биенің әдіс-тәсілдерін білу, оны тиісті дә­режеде пайдалау үлкен шеберлік­ті талап етеді. Әр нәрсеге елік­тегіш келетін жас­тарды бүгіндері Ба­тыстың бейресми мәде­ниеті­нен, моральдық азғындаушылық іс-әрекетінен аман алып қалудың бірден бір жолы, ол ұлтымыздың тарихы мен халық­тық педагогика жолы. Осы орайда, қазақ халқы­ның біртуар ұлдарының өмірі мен шығармашылығын оқып үйрену, жас жеткіншектерді үлкен пат­риот­тық сезімге баулып, тәрбие­лейді. Ұлтжандылық пен отансүй­гіштікті оқушылар бойына құрғақ уағыздармен қалыптастыру мүм­кін емес. Оны тек қана елін-жерін қасық қаны қал­ғанша қорғап өткен от жүректі бабалар ру­хында ғана тәрбиелеуге болады.

Maғжaнның пeдaгoгикaлық oй­лapы мeн eңбeктepінің нeгізгі идeя­cы – ұcтaздық бa­ғыттa тәлім-тәp­биe мәceлeлepін пapacaт­ты­­лы­ғымeн шeшу бoлып кeлeді. Тү­йіндeй aйтқaндa, M.Жұмaбaeвты қaзaқ тoпыpa­ғынaн шыққaн ұлы ұcтaз Ы.Aлтынcapиннің тәлім-тәp­биeлік oйлapын жaлғacтыpу­шы, ұлттық пeдaгoгикaның нeгізін қaлaушы ғaлым-пeдaгoг дeугe бo­лaды. Оның озық ойлы сол кездегі айтқан тұжырымдары бүгінгі күні де өзекті. “Баланы заманына ла­йық етіп отырып, оқытып, тәрбие­леу керек”, – деген Мағжанның ойы бүгінгі күн үшін айтылғандай. Бүгінгі атом, компьютер, космос за­манында оқушы үшін ғылымның соңғы жаңалықтарын біліп қана қоймай, оны игере білуі – өмір талабы. Педагог-ақын өзінің әрбір шығармасы арқылы оқушыларды отансүйгіштік қасиеттерге тәрбие­леуге бағыттады. Бүгінгі таңда ру­хани жаңғыру идеясы, өзінің өзек­тілігімен мәнді болып отырғаны белгілі. Рухани жаңғыру, жақсы киініп, таза сөйлеуде емес. Ең ал­дымен, әр адам, әр қазақ өткенге көз салып, құндылықтарды жүрек­тен өткізе отырып, сол құндылық­тардың байыбына баруда.

Қaзіpгі кeзeңдe көптeгeн pуxa­ни құнды­лықтap тepіcкe шығapы­лып, oқушылapдың caнa-ceзімі мeн мopaльдық бeйнecінe, жaн-дү­ниecінe қaтыгeздік пeн aзғын­дaу­шы­лық көpініcтepін нacиxaт­тaу­шы aқпapaттық қыcым көpce­тіліп oтыpғaн жaғдaйдa, oқу­шы­лapдың caнacындa, oй-өpіcіндe жaлпы aзaмaттық, aдaмзaттық pу­xaни құнды­лықтap мeн жoғapы aдaмгepшілік қacиeт­тepді қaлып­тacтыpу, oқушы тұлғacының дaму бapыcын пcиxoлoгиялық жaн-жaқты жәнe үздікcіз зepттeу, oның дa­paлық epeк­шeліктepін тaңдaп, дұ­pыc бaғыттa дaмыту, әpтүpлі әлeу­мeттік жәнe мopaльдық пcи­xo­лo­гия­лық жaғдaйлapдa қoлдaу көpceту көкeйкecті мәceлeгe aй­нa­лып oтыp. Oқу­шы­лapдың aдaм­гepшілігі тәpбиeнің eң мa­ңызды міндeті бoлып тaбылaды. Осыған орай, оқушы жастар мен қазақ мек­тептерінің мұғалімдеріне пайдасы болар деген ойменен біртуар тұл­ға, дарынды ұстаз Мағжанның кей­бір тәлімдік, тәр­биелік ілімде­рін жариялауды жөн көріп отырмын.

Ұлы Мағжанның айтуынша, тәр­бие төрт түрлі болады. Олар: дене, ақыл, сұлулық және құлық тәрбиесі. Балам адам болсын де­ген ата-ана осы 4 тәрбиені дұрыс орын­дасын деген екен. Осы сөз­де­рін тарқата келе, тәрбиеден мақ­сұт адамды, һәм сол адамның ұл­тын, асса барлық адамзат дүние­сін бақытты қылады. Бала тәр­бие­сі – бір өнер, болғанда ауыр өнер, же­ке бір ғы­лым иесі болуды тілей­тін өнер. Тәрбиеден мақсұт ба­ла­ны тәрбиешінің дәл өзіндей қы­лып шығару емес. Ке­лешек өз за­манына лайық қылып шы­ғару. Әр­бір тәрбиешінің қолда­на­тын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала­сы өз ұлтының ара­сын­да, өз ұлты үшін қызмет қыла­тын бол­ған­дық­тан, әрбір тәрбие­ші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен та­ныс бо­луға тиісті. Ата-ана жас ба­ланы тәр­бие қыл­ғанда күшінің кө­бін ба­ланың дене тәрбиесіне жұм­сауға міндетті. Де­не тәрбиесіне жеңіл қарауға бол­майды дейді. Елін қорғар азамат­тың мықты, де­нінің сау болғанын айтқаны. Тәні сау­дың жаны сау деген бабалары­мыз­дың сөзін жан­дандыр­ғаны де­сек те болады. Ба­ланы таба біл­сең, ерінбей дұрыс баға біл. Қазақ баласының ауру болуы, көбінесе осы талғамай та­мақ жегеннен болады.

Мағжан әйелдің тәрбие беру процесін­дегі рөліне ерекше көңіл бөлген. Қазақ әйелі өзіңде өзіңнің қас­тығың болмаса, балаңның ау­зын астан алмай, аспен ұрып жы­ғып, болмаса тамақ бермей, аш­тан қатырып, талдырып ұйықта­тып бала асы­рауыңды қой. Та­мақты тәртіппен берсең, балаң­ның дені сау болады. Тамақты тәр­тіппен ішіп үйренген баланың мі­незі де дұрыс болады. Бесік – ба­ла­ның жататын орны. Естен тан­дырып, талдыратын орны емес. Адам баласы мал баласы емес, баланы жақсылап бағу керек.

Балам мешел болмасын де­сең, балаң­ды дұрыс күт. Адамның өзін-өзі, яғни өз қатесін өзі көре бі­луі оның жанының иделға, қа­сиет­ті қияға ұмтылатын мінезі бар­лы­ғын көрсетеді. Балаға насыбай ат­қызуға, шылым тартқызуға жара­майды, алкоголь, яғни мас қыла­тын арақ тұқымды нәрсені ішкізу­дің дұрыс еместігі өз-өзінен бел­гілі тұр.

Ұлы педагог халықтың нақыл сөз­деріне сүйене отырып тәрбие­леп, мінез-құлқына әсер ететін фактілерді де ашып айтқан. “Жа­сыңда қылжың болсаң, өскенде мыл­жың боларсың”, – деген ма­қал ып-ырас де­гені соның айғағы.

Жас балаларды жиі-жиі жұ­мыс­сыз шынықтыру керек, шы­нықтыру дегенде оны таза ауада ойнату, таза ауада гим­настика жа­сату деп ұғу керек. Ақыл, ішкі се­зім, қайрат үшеуін бірдей тең тәр­бие қылу – тәрбиешінің міндеті. Бір адамның осы үш тал жан көрі­ністері тең болмай, біреуі таразы­ның басын билеп кетсе, ол адам бақытты болмақ емес. Сурет салу баланың көру сезімін ұлғайту үсті­не әде­мілік сезімін де ұлғайта­ды. Ба­ланың есту сезіміне аса көп әсер беретін – бесік жыры. Ба­ла­ны қолына алған, баланың бесігі жанына келген ана аузына тас салғандай үндемей отырмасын. Жырлай берсін. Жас балаға қа­зақ­тың “әлди-әлди, ақ бөпем” деп бас­талатын ескі бесік жырын жыр­лау керек. Бұл жырдың күйі де, сөзі де тәтті. Баланың еті жақсы өсіп, берік болсын деген тәрбиеші баланы ойыннан қыспау керек. Қа­зақтың неше түрлі ырымдары қа­те ұғынудан туған. Тәрбиеші ба­ла­ны осы қатеден, яғни ырымшыл болу­дан сақтау керек. Баланың ойы­нына үлкен адам кіріссе, ба­ла­ға ойынның қызығы бітеді. Ойын – баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Тәрбие­ші баланың дұрыс ойлап, үйре­нуі­не көп күш жұмсау керек. Тәр­бие­ші баланың ойын жетектемесе, ба­ла ұғымды, хүкімді теріс жасауға, қате ой шығаруға үйреніп кетеді. Мұндай бала тар ойлы, соқыр сен­гіш, ырымшыл адам болып шығады.

Мағжан бабамыз баланың өс­уін­де, дамуында тілдің қасиетін де айқындап кеткен. Тілсіз ұлт – ті­лінен айырылған ұлт, дүниеде ұлт болып қалмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі. Ұлттың тілі ке­ми бастауы ұлттың құри бастаға­нын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қым­бат нәрсе болмасқа тиісті. Қазақ­тың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ. Күндерде бір күн түрік ба­лаларының тілі біріксе, біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік елінің келешек тарихын­да қазақ ұлты төрден орын алмақ­шы. Бала тілінің дұрыс өркендеуі­нің бірінші шарты, балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек. Балаға ұқ­пайтын жат сөз үйретпеу керек. Ба­ланы ешбір уақыт сөзден тыймау керек. Баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, ба­йытатын – мектеп.

Ата-ана қатал болса, бала да қатал. Ата-ана жұмсақ болса, ба­ла да жұмсақ. Баланың маңайын­дағы адам дұрыс мінезді болу керек. Баланы ұру, соғу ісі адам­шылыққа ұнамайтын іс. Ұрылып, соғылып тәрбие қылынған бала жанының бар жақсы мінездерінен, ақылы­нан, есінен айыры­лып, ми­ғұ­ла бо­лады. Өтірік айтқан адам­ның се­німі кетеді, ұрлық қылған адамның қадірі кетеді. Білімі, тәр­биесі, мінезіне қарай әр адамның ұялуы да әртүрлі болады. Білімсіз адам айылын жимайтын істен, білімді адам, ұялып өліп қалады. Ұялу оңай нәрсе емес. Адамға ұялудан қатты жаза жоқ. Баланың өзін мақтама, ісін мақта. Бір шә­кірті, бір баланы мақтау басқа ба­ла­лардың рухын түсіреді, ынта­сын өлтіреді. Жақсы оқуы, дұрыс құлқы үшін шәкірттерге сый бе­ру…, үлестіру тіпті дұрыс емес. Мұ­ғалімнің шеберлігі өзі білген білімінің бәрін балаға тез білдіру де емес, еппен, жинақты, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Тәрбие­ші­нің міндеті балада ис­кусствоның қандай-қандай түрі­не ынта бар екенін тауып, сол ын­та­сын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету.

Мағжан тәрбиесінің тағы бір ерекшелігі балаға кішкентай күні­нен тазалыққа деген ынтасын арт­тыру. Оған мына сөздері куә. Ба­ла­ның маңайындағы жүрген адам­­дар ретті, тәртіпті, таза бо­луға міндетті. Таза­лыққа үйренген бала, таза болады. Бала­ның ма­ңайындағы сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Бала­ның ма­ңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Қазақ! Жұртқа күлкі болмаймын десең… балаңды сұ­лу, сымбатты қылып өсір.

Мағжан ұлтжандылықты да бас­ты назарда ұстаған. Топас адам – тірі өлік. Адамның шын ма­ғынасы мен адам болуы үшін өзін сүюі, жақындарын сүюмен қана­ғат­танбай, жалпы адамзатты сүюі шарт. Адам шын ізгі адам бола­мын десе, халық ісі, халық пайда­сы жолында құрбан бола білсін. Баланың жаратылысы табиғатты тілейтін нәрседен баланы тыю дұ­рыс емес. Тәрбиеші мен баланың арасы өте жақын болуға тиісті. Бала тәрбиешіні мұңын тар­қата алғандай, қуанышына ортақтаса ал­ғандай, сырын шеше алғандай досым деп білсін. Есте болу ке­рек, арыстан айға шапса, мерт бол­мақты, өтпес жарлық бойға қор­лық болмақты. Тәрбиеші бар ба­ланың барлық ісін тізгіндей бер­мей, әрбір істе балаға ерік берсін. Баланы ылғи тізгін­деуден сақтау керек. Бала нашарлыққа бір әдет­теніп қалса, оны қайта түзету оңай еместігі есте болу керек.

Балада берік һәм дұрыс мінез пайда болу үшін тәрбиеші мынау не­гізгі екі шарт­ты орындауы керек:

1) Баланың өз қолынан келетін істе ба­лаға толық ерік беру… Өз қо­лынан кел­мейтін істе ғана тәр­биеші көмек көрсетіп жіберуге мін­детті.

2) Баланы құбылмайтын, ұсақ­тық­пен, қажытпайтын… тәртіпке бағындыру керек.

Баланы еркіне жіберу оны ер­лікке, батырлыққа үйретсе, темір тәртіпке ба­ғын­дыру оны шыдам­дылыққа, табындылыққа үйре­теді.

Баланы тіпті еркіне жібермеу оны жасқаншақ, жасық, қорқақ қы­лады. Ал, тіпті тізгінсіз қоя беру, ләм-мим демей оның бар еркелі­гін орындай беру баланы бейбас­тақ, ессіз тентек қылып шығара­ды. Тәрбиеші тиянақты болса, ба­ла оның тиянақ­тылығына еліктей­ді. Тәрбиеші тиянақсыз болса, ба­ла оның тиянақсыздығына елік­тейді. Ерінбей, жалықпай балаға әрбір істің себебін ұқтыра беру керек. Мән-жайын ұқтырмай құр бұйрық беруші адам тәр­биеші емес. Баланы өз күшіне өзін сен­діріп үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді дей берсең, бала жас­қан­шақ, жалтақ болып қалады. Балаға тәрбиені өзінің шамасына, жаратылысына қарай беру керек. Тәрбие деген баланы бетке қақ­пай, бетімен жіберу емес. Баланы тәрбие қылу тұрмыс майда­нында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Баланың өзін мақ­тама, ісін мақта. Тәрбиеші баланың қаһар­лы қожасы болма­сын, жұмсақ жолдасы болсын. Қа­ласа өзін, асса барлық адам бала­сын адамдық жолмен өрге сүй­рей­тін ер шығару деген сөз. Тұр­мыста түйінді мә­селелерді тез ше­ше бі­летін, тұрмыстың тұңғиық те­ңізін қалың қайратпен кеше біле­тін, адалдық жолға құрбан бола бі­ле­тін, қысқасы адамзат дүниесінің керек бір мүшесі болатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару. Ба­ланы мұндай адам қылу үшін тәр­биеші бар күшін, бар білімін шар­шамай үйрете білу керек.

Міне, Мағжан баланы патриот, білімді, ізгілікке құштар қылып тәр­биелеу жо­лындағы басты қағи­дат­тарды осылай тізіп кет­кен. Ұс­таздар осы айтқандарды ұста­нып, ата-аналармен бірлесіп қолға алатын болса ақын армандаған жас буын өсері анық. Сөз соңында мына өлеңін мысал ретінде кел­тіруді жөн санап отырмын. Осы сөздерді жеткіншектің санасына сіңірсе, ел қамын жеген өрендер өсіп шығары анық.

Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!

Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме.

Оқымай, ойын қуған балаларға

Жолама, шақырса да қасына ерме!

Кідірме, аялдама, алға ұмтыл.

Сабыр СЕҢКІБАЕВ,

педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp