«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕРТ ЖҰҚТЫРҒАНДАР АЗАЙМАЙ ТҰР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымызда осы уақытқа дейін 16213 адам коронавирус індетін жұқтырды. Науқастардың 64 пайызында ауру белгілері бар. Ал 18 шілде күні өңірде 91 адамнан ауру анықталды.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың қатарында Петропавл қаласының тұрғындары басым. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 86 адамнан полимеразды тізбекті реакция әдісі арқылы сынама алынды. Бүгінге дейін облыста 383346 зерттеу жүргізілсе, өткен тәуліктерде 362 адам ПТР тапсырды. Аурудың кең таралуына байланысты өңір “қызыл” аймақта тұр. Қазір вакциналау шаралары белсенді жүруде. Бүгінде 181842 адам екпенің бірінші, 101573 тұрғын екінші компонентін алды.

Айнаш САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp