ХХ-шы ғасырдың басында, Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен “Алаш” партиясының маңына топтасқан зиялылар, бостандық алудың бір ғана жолы халықты сауаттандырып, қараңғылық бұғауынан босату деп білді. Осы себептен де ат төбеліндей аз ғана топ өздерінің бар өмірін оқу-ағарту жолына бағыттады. Бұл бабаларымыздың бірі ақын, бірі әдебиетші, инженер, зерттеуші, саясаткер бола тұра, елді бұғаудан алып шығатын жалғыз жол, ағартушылық екенін түсінді. Түсінді де, әрқайсысы әртүрлі пәндерден оқулықтар, әдістемелік құралдар жазды. Бәрі бірігіп халықты оқу-білімге шақырды. Олар осы жолда бар мүмкіндікті пайдалана білді.
Ұлтымыздың осы ұлы адамдарының үлгі-өнегесі негізінде, жастарды тәрбиелей алсақ, онда болашағымыздың да берік, мықты болары сөзсіз. Жастарды тәрбиелеуде қолданылатын ең басты тәрбие құралының бірі, біздің пайымдауымызша, халықтық тәрбие көздері. Ол үшін тәрбиенің әдіс-тәсілдерін білу, оны тиісті дәрежеде пайдалау үлкен шеберлікті талап етеді. Әр нәрсеге еліктегіш келетін жастарды бүгіндері Батыстың бейресми мәдениетінен, моральдық азғындаушылық іс-әрекетінен аман алып қалудың бірден бір жолы, ол ұлтымыздың тарихы мен халықтық педагогика жолы. Осы орайда, қазақ халқының біртуар ұлдарының өмірі мен шығармашылығын оқып үйрену, жас жеткіншектерді үлкен патриоттық сезімге баулып, тәрбиелейді. Ұлтжандылық пен отансүйгіштікті оқушылар бойына құрғақ уағыздармен қалыптастыру мүмкін емес. Оны тек қана елін-жерін қасық қаны қалғанша қорғап өткен от жүректі бабалар рухында ғана тәрбиелеуге болады.
Maғжaнның пeдaгoгикaлық oйлapы мeн eңбeктepінің нeгізгі идeяcы – ұcтaздық бaғыттa тәлім-тәpбиe мәceлeлepін пapacaттылығымeн шeшу бoлып кeлeді. Түйіндeй aйтқaндa, M.Жұмaбaeвты қaзaқ тoпыpaғынaн шыққaн ұлы ұcтaз Ы.Aлтынcapиннің тәлім-тәpбиeлік oйлapын жaлғacтыpушы, ұлттық пeдaгoгикaның нeгізін қaлaушы ғaлым-пeдaгoг дeугe бoлaды. Оның озық ойлы сол кездегі айтқан тұжырымдары бүгінгі күні де өзекті. “Баланы заманына лайық етіп отырып, оқытып, тәрбиелеу керек”, – деген Мағжанның ойы бүгінгі күн үшін айтылғандай. Бүгінгі атом, компьютер, космос заманында оқушы үшін ғылымның соңғы жаңалықтарын біліп қана қоймай, оны игере білуі – өмір талабы. Педагог-ақын өзінің әрбір шығармасы арқылы оқушыларды отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеуге бағыттады. Бүгінгі таңда рухани жаңғыру идеясы, өзінің өзектілігімен мәнді болып отырғаны белгілі. Рухани жаңғыру, жақсы киініп, таза сөйлеуде емес. Ең алдымен, әр адам, әр қазақ өткенге көз салып, құндылықтарды жүректен өткізе отырып, сол құндылықтардың байыбына баруда.
Қaзіpгі кeзeңдe көптeгeн pуxaни құндылықтap тepіcкe шығapылып, oқушылapдың caнa-ceзімі мeн мopaльдық бeйнecінe, жaн-дүниecінe қaтыгeздік пeн aзғындaушылық көpініcтepін нacиxaттaушы aқпapaттық қыcым көpceтіліп oтыpғaн жaғдaйдa, oқушылapдың caнacындa, oй-өpіcіндe жaлпы aзaмaттық, aдaмзaттық pуxaни құндылықтap мeн жoғapы aдaмгepшілік қacиeттepді қaлыптacтыpу, oқушы тұлғacының дaму бapыcын пcиxoлoгиялық жaн-жaқты жәнe үздікcіз зepттeу, oның дapaлық epeкшeліктepін тaңдaп, дұpыc бaғыттa дaмыту, әpтүpлі әлeумeттік жәнe мopaльдық пcиxoлoгиялық жaғдaйлapдa қoлдaу көpceту көкeйкecті мәceлeгe aйнaлып oтыp. Oқушылapдың aдaмгepшілігі тәpбиeнің eң мaңызды міндeті бoлып тaбылaды. Осыған орай, оқушы жастар мен қазақ мектептерінің мұғалімдеріне пайдасы болар деген ойменен біртуар тұлға, дарынды ұстаз Мағжанның кейбір тәлімдік, тәрбиелік ілімдерін жариялауды жөн көріп отырмын.
Ұлы Мағжанның айтуынша, тәрбие төрт түрлі болады. Олар: дене, ақыл, сұлулық және құлық тәрбиесі. Балам адам болсын деген ата-ана осы 4 тәрбиені дұрыс орындасын деген екен. Осы сөздерін тарқата келе, тәрбиеден мақсұт адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылады. Бала тәрбиесі – бір өнер, болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Тәрбиеден мақсұт баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес. Келешек өз заманына лайық қылып шығару. Әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Ата-ана жас баланы тәрбие қылғанда күшінің көбін баланың дене тәрбиесіне жұмсауға міндетті. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды дейді. Елін қорғар азаматтың мықты, денінің сау болғанын айтқаны. Тәні саудың жаны сау деген бабаларымыздың сөзін жандандырғаны десек те болады. Баланы таба білсең, ерінбей дұрыс баға біл. Қазақ баласының ауру болуы, көбінесе осы талғамай тамақ жегеннен болады.
Мағжан әйелдің тәрбие беру процесіндегі рөліне ерекше көңіл бөлген. Қазақ әйелі өзіңде өзіңнің қастығың болмаса, балаңның аузын астан алмай, аспен ұрып жығып, болмаса тамақ бермей, аштан қатырып, талдырып ұйықтатып бала асырауыңды қой. Тамақты тәртіппен берсең, балаңның дені сау болады. Тамақты тәртіппен ішіп үйренген баланың мінезі де дұрыс болады. Бесік – баланың жататын орны. Естен тандырып, талдыратын орны емес. Адам баласы мал баласы емес, баланы жақсылап бағу керек.
Балам мешел болмасын десең, балаңды дұрыс күт. Адамның өзін-өзі, яғни өз қатесін өзі көре білуі оның жанының иделға, қасиетті қияға ұмтылатын мінезі барлығын көрсетеді. Балаға насыбай атқызуға, шылым тартқызуға жарамайды, алкоголь, яғни мас қылатын арақ тұқымды нәрсені ішкізудің дұрыс еместігі өз-өзінен белгілі тұр.
Ұлы педагог халықтың нақыл сөздеріне сүйене отырып тәрбиелеп, мінез-құлқына әсер ететін фактілерді де ашып айтқан. “Жасыңда қылжың болсаң, өскенде мылжың боларсың”, – деген мақал ып-ырас дегені соның айғағы.
Жас балаларды жиі-жиі жұмыссыз шынықтыру керек, шынықтыру дегенде оны таза ауада ойнату, таза ауада гимнастика жасату деп ұғу керек. Ақыл, ішкі сезім, қайрат үшеуін бірдей тең тәрбие қылу – тәрбиешінің міндеті. Бір адамның осы үш тал жан көріністері тең болмай, біреуі таразының басын билеп кетсе, ол адам бақытты болмақ емес. Сурет салу баланың көру сезімін ұлғайту үстіне әдемілік сезімін де ұлғайтады. Баланың есту сезіміне аса көп әсер беретін – бесік жыры. Баланы қолына алған, баланың бесігі жанына келген ана аузына тас салғандай үндемей отырмасын. Жырлай берсін. Жас балаға қазақтың “әлди-әлди, ақ бөпем” деп басталатын ескі бесік жырын жырлау керек. Бұл жырдың күйі де, сөзі де тәтті. Баланың еті жақсы өсіп, берік болсын деген тәрбиеші баланы ойыннан қыспау керек. Қазақтың неше түрлі ырымдары қате ұғынудан туған. Тәрбиеші баланы осы қатеден, яғни ырымшыл болудан сақтау керек. Баланың ойынына үлкен адам кіріссе, балаға ойынның қызығы бітеді. Ойын – баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Тәрбиеші баланың дұрыс ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керек. Тәрбиеші баланың ойын жетектемесе, бала ұғымды, хүкімді теріс жасауға, қате ой шығаруға үйреніп кетеді. Мұндай бала тар ойлы, соқыр сенгіш, ырымшыл адам болып шығады.
Мағжан бабамыз баланың өсуінде, дамуында тілдің қасиетін де айқындап кеткен. Тілсіз ұлт – тілінен айырылған ұлт, дүниеде ұлт болып қалмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ. Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік елінің келешек тарихында қазақ ұлты төрден орын алмақшы. Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты, балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек. Балаға ұқпайтын жат сөз үйретпеу керек. Баланы ешбір уақыт сөзден тыймау керек. Баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын – мектеп.
Ата-ана қатал болса, бала да қатал. Ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ. Баланың маңайындағы адам дұрыс мінезді болу керек. Баланы ұру, соғу ісі адамшылыққа ұнамайтын іс. Ұрылып, соғылып тәрбие қылынған бала жанының бар жақсы мінездерінен, ақылынан, есінен айырылып, миғұла болады. Өтірік айтқан адамның сенімі кетеді, ұрлық қылған адамның қадірі кетеді. Білімі, тәрбиесі, мінезіне қарай әр адамның ұялуы да әртүрлі болады. Білімсіз адам айылын жимайтын істен, білімді адам, ұялып өліп қалады. Ұялу оңай нәрсе емес. Адамға ұялудан қатты жаза жоқ. Баланың өзін мақтама, ісін мақта. Бір шәкірті, бір баланы мақтау басқа балалардың рухын түсіреді, ынтасын өлтіреді. Жақсы оқуы, дұрыс құлқы үшін шәкірттерге сый беру…, үлестіру тіпті дұрыс емес. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімінің бәрін балаға тез білдіру де емес, еппен, жинақты, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Тәрбиешінің міндеті балада искусствоның қандай-қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету.
Мағжан тәрбиесінің тағы бір ерекшелігі балаға кішкентай күнінен тазалыққа деген ынтасын арттыру. Оған мына сөздері куә. Баланың маңайындағы жүрген адамдар ретті, тәртіпті, таза болуға міндетті. Тазалыққа үйренген бала, таза болады. Баланың маңайындағы сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Қазақ! Жұртқа күлкі болмаймын десең… балаңды сұлу, сымбатты қылып өсір.
Мағжан ұлтжандылықты да басты назарда ұстаған. Топас адам – тірі өлік. Адамның шын мағынасы мен адам болуы үшін өзін сүюі, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт. Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін. Баланың жаратылысы табиғатты тілейтін нәрседен баланы тыю дұрыс емес. Тәрбиеші мен баланың арасы өте жақын болуға тиісті. Бала тәрбиешіні мұңын тарқата алғандай, қуанышына ортақтаса алғандай, сырын шеше алғандай досым деп білсін. Есте болу керек, арыстан айға шапса, мерт болмақты, өтпес жарлық бойға қорлық болмақты. Тәрбиеші бар баланың барлық ісін тізгіндей бермей, әрбір істе балаға ерік берсін. Баланы ылғи тізгіндеуден сақтау керек. Бала нашарлыққа бір әдеттеніп қалса, оны қайта түзету оңай еместігі есте болу керек.
Балада берік һәм дұрыс мінез пайда болу үшін тәрбиеші мынау негізгі екі шартты орындауы керек:
1) Баланың өз қолынан келетін істе балаға толық ерік беру… Өз қолынан келмейтін істе ғана тәрбиеші көмек көрсетіп жіберуге міндетті.
2) Баланы құбылмайтын, ұсақтықпен, қажытпайтын… тәртіпке бағындыру керек.
Баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, темір тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табындылыққа үйретеді.
Баланы тіпті еркіне жібермеу оны жасқаншақ, жасық, қорқақ қылады. Ал, тіпті тізгінсіз қоя беру, ләм-мим демей оның бар еркелігін орындай беру баланы бейбастақ, ессіз тентек қылып шығарады. Тәрбиеші тиянақты болса, бала оның тиянақтылығына еліктейді. Тәрбиеші тиянақсыз болса, бала оның тиянақсыздығына еліктейді. Ерінбей, жалықпай балаға әрбір істің себебін ұқтыра беру керек. Мән-жайын ұқтырмай құр бұйрық беруші адам тәрбиеші емес. Баланы өз күшіне өзін сендіріп үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді дей берсең, бала жасқаншақ, жалтақ болып қалады. Балаға тәрбиені өзінің шамасына, жаратылысына қарай беру керек. Тәрбие деген баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес. Баланы тәрбие қылу тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Баланың өзін мақтама, ісін мақта. Тәрбиеші баланың қаһарлы қожасы болмасын, жұмсақ жолдасы болсын. Қаласа өзін, асса барлық адам баласын адамдық жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы адамзат дүниесінің керек бір мүшесі болатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару. Баланы мұндай адам қылу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін шаршамай үйрете білу керек.
Міне, Мағжан баланы патриот, білімді, ізгілікке құштар қылып тәрбиелеу жолындағы басты қағидаттарды осылай тізіп кеткен. Ұстаздар осы айтқандарды ұстанып, ата-аналармен бірлесіп қолға алатын болса ақын армандаған жас буын өсері анық. Сөз соңында мына өлеңін мысал ретінде келтіруді жөн санап отырмын. Осы сөздерді жеткіншектің санасына сіңірсе, ел қамын жеген өрендер өсіп шығары анық.
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме.
Оқымай, ойын қуған балаларға
Жолама, шақырса да қасына ерме!
Кідірме, аялдама, алға ұмтыл.
Сабыр СЕҢКІБАЕВ,
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.