«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБАҚТЫҒА ЖАБЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық соты бірнеше адамның сеніміне кіріп, алаяқ­тықпен қомақты қаражатты қалтаға басқан Виталий Никитинді төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Бұл азаматтың өтірікті шындай қылып айтатын қулығына бас­тапқыда сеніп қалғандар оған араша түскен еді. Енді қаны сорғала­ған шындыққа көз жеткізіп отырған жай­лары бар. Жұ­мыртқадан жүн қырыққан “батырың” 2018 жылы бір танысының көлігін сат­қызып, 1,6 млн.теңгені қол­ды қылған, 2019 жылы бірнеше адам­ды қақпанға түсіріп, 6 млн. теңгені ием­деніп кеткен. Одан кейін де бірнеше қылмыс жасап үлгерген екен. Құқық қорғау органдары жинастырған бұлт­арт­пас айғақтар не­гізінде жасаған қыл­мыстары тайға таң­ба басқандай дә­лел­деніп, сот төрт жыл­ға жаза кесті.

Күдікті қалалық прокуратураның бөлім бастығы Дәурен Сағындықов қылмыстық жазамды жеңілдету мақса­тымен пара талап етті деп әлеуметтік желілерді ұлардай шулатып, өзінің “судан таза, сүттен ақ” екеніне иман­дай сендірмек болған. Оның прокурор пара ала тұра көмектеспеді деген атышулы мәлімдемесіне облыс прокуро­рының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар жауап берді:

– 2018-2019 жылдары жасаған қыл­мыстары үшін құқық қорғау органдары тарапынан В.Никитинге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп, оның түрлі айла-тәсілдермен полиция қызметкерлерімен ымыраға келуге тырысқаны анықталды. Дегеніне жете алмаған соң әлеуметтік желілер ар­қылы бопсалаған. Оның өзін ақтағысы келген сөздері сотта еш дәлел тап­пады, – деді

Алайда Дәурен Сағындықов қыл­мыскермен байланысқа түсіп, қызме­тіне нұқсан келтіргені үшін қызметінен босатылды. Кіші кеңесші шенінен ай­рылды. Сот процесін жүргізген судья Михаил Гусевке қатысты қызметтік тер­геу жүруде.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp