Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Бала құқығы – асыл қазына” атты тәрбие сағаты өтті.
Қашықтан ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – оқушыларға құқықтық тәрбие беріп, жаман қылықтардан аулақ болуға үйрету. Тәрбие сағаты жасөпірімдердің құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға бағытталды.
Шара одан әрі тақырыптық көрмемен жалғасты. Жас оқырмандарға бос уақытты тиімді пайдаланбау, құқықтық білімнің аздығы, ата-ана тарапынан бақылаудың болмауы – құқық бұзудың негізгі факторы екені айтылды. Сондықтан да балалар бос уақытында кітап оқып, әртүрлі үйірмелерге қатысып, спортпен шұғылдануы қажет. Іс-шараны ұйымдастырушылар жастарға құқықтық тәрбие беруде халқымыздың даналық сөздерінің мәні ерекше екенін жеткізді.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.