«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Санитариялық талаптарды бұзғандарға 40 млн теңгенің айыппұлы салынды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында карантинді сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 23 мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі күні облыс бойынша 23 мониторингтік топ жұмыс істейді. Жыл басынан олар 2570 рейд жүргізіп, 18 мыңға жуық нысанды тексерді. Нәтижесінде карантин талабын бұзуға қатысты 536 дерек тіркелді.

«Тұрғындар маска режимін бұзады. Бұқаралық іс-шараларды өткізіп, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізбейді. Келушілерге маскасыз қызмет көрсетіп, нысандар қаулыға сәйкес жұмыс істеу режимін бұзған.

Аумақтық полиция басқармаларынан келіп түскен материалдар негізінде және үйлестіру орталықтарының шұғыл хабарламалары бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары кәсіпкерлік субъектілеріне 37 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Карантиндік және шектеу режимін және санитариялық қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 576 хаттама толтырылды, 549 айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы 40 млн теңгеден асады», – дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Данияр Оспанов.

Маманның айтуынша, оның екеуі лауазымды тұлғаларға, 6-уы заңды тұлғаларға, 25-і жеке кәсіпкерлерге және 516-сы жеке тұлғаларға қатысты. 14 әкімшілік материал сотқа жолданды, алайда 13-і құқық бұзушылықтың елеусіз болуына байланысты тоқтатылды.

Бұған дейін СҚО-да эпидемиологиялық жағдайдың күрделі екенін айтқан едік. Өткен аптада өңірде 5 адам коронавирустан қайтыс болды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp