«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ ТАРАТҚАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «мефедрон» атты синтетикалық есірткіні ірі көлемде таратқан Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері арнайы операция барысында 27 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Ол синтетикалық есірткіні жасырып кету арқылы таратты деген күдікке ілінген. Ұстау кезінде ер адамнан ұнтақ тәріздес ақ түсті заты бар 9 түйіншек алынды. Тағы 16 түйіншек күдікті көрсеткен жасырылған жерлерден және 3-уі жалға алған пәтерден табылды. Сол жерден есірткі жасаушылардың құралдары – таразы, өлшеуіш қасық, буып түйетін материал табылды.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Сараптаманың қорытындысына сәйкес алынған зат «мефедрон» деген атпен белгілі синтетикалық есірткі. Қазіргі таңда ол аса қауіпті есірткі болып есептеледі. Тәркіленген заттың жалпы салмағы – 49,15 грамм, бұл аса ірі көлемге жатады. Одан қарапайым есеп бойынша бір рет пайдалануға болатын 800 дозаны алуға болады. Синтетикалық есірткіні таратумен күресуге ерекше көңіл бөлінеді», – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасыныңбастығы Жандос Басыбаев.

Жыл басынан осымен төртінші рет басқа қала тұрғыны синтетикалық есірткіні жасырын орынға салып кетті деген күдікке ілініп, ұсталып отыр.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp