«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Табыс төмендемеуі тиіс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе бойынша экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зиядден Молдағанапов баяндама жасап, облыстың алты айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқталды.

Өткен жылға қарағанда инвестиция көлемі – 23,4 пайызға өсіп, 139 млрд. теңгені құраған. Қаражат құю жөнінен ауыл шаруашылығы секторы алдыңғы орында. Өнеркәсіп –8,5, тұрғын үй – 6,8, бөлшек сауда – 1,3, ауыл шаруашылығы 1,2 пайызға ұлғайған. Мал басының өсімінде, сүт өндіруде де ілгерілеушілік бар. Өнеркәсіп саласында 166 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, оның 74,2 пайызы өңдеуші кәсіпорындарға тиесілі болған. 18 мың адам жұмысқа орналастырылып, 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. 505 нысанның құрылысы аяқталып, 83 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Айкенова бюджеттің шығыс және кіріс бөлігінің орындалуы жайлы есеп берді.

Әкімдік отырысын қорытындылаған Құмар Іргебайұлы күрделі эпидемиологиялық ахуалға қарамастан облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң үрдіс сақталғанын, негізгі салалар бойынша өсімнің барын атап өтті. Аграрлық секторды дамыту тұрақты деңгейде. Диқандар 89 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 15 млрд. теңгеге артық. Егіс алқаптарын әртараптандыру шаралары жалғасып, шығарылатын өнім түрлері молайды. Өткізу нарықтарын қайта бағдарлау, өндіріс тиімділігін арттыру, экономикалық пайда алу, банкроттықты болдырмау бағытында қыруар жұмыстар атқарылды. Майлы дақылдар алқаптары 1 млн. гектарға жеткізілді. Импортты алмастыру бағдарламасы шеңберінде қарақұмық, бұршақ дақылдары көбейді. Өңірдің Еуразялық экономикалық одақ елдерімен сауда-саттық байланысы жанданып, негізгі өнім түрлері Ресейге жөнелтіледі.

Өңір басшысының пікірінше, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда субсидиялау ерекше рөл атқарады. “Биыл саланы қаржыландыру 48,2 млрд. теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялар көлемі ұлғайып келеді. Соңғы үш жылдағы көрсеткіш 77,5 млрд. теңгеден 122,3 млрд. теңгеге дейін өсті. Құйылған қаржының жартысына жуығы ауыл шаруашылығына тиесілі. Бұл жөнінен республикадағы үлес 22 пайыздан асады”,– деді әкім.

Мал шаруашылығы да қарқын ала бастады. Ет өндірісі – 3,4, сүт 7 пайызға артты. Он ауданда жалпы сомасы 31 млрд. теңгенің сүт кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 10,6 млрд. теңгенің 10 жобасы биыл аяқталады. Нәтижесінде 400-дей тұрақты жұмыс орны құрылып, сүт өндірісінің көлемі ұлғайтылады. Сүттің 38 пайызын жаңадан ұйымдастырылған сүт фермалары өндіреді. Олардың былтырғы көрсеткіші 96 мың тонна болса, биыл 13 мың тоннаға көп өндірілмек. Соңғы жылдары іске қосылған 12 сүт кешені жалпы өнімнің бестен бірін береді.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының аяқ алысы да қуантады. “ЗИКСТО” зауыты 380 вагон құрастырды. “Единство” ЖШС-і жартыжылдық тапсырманы 158 пайызға орындады.

Құмар Ақсақалов жыл аяғына дейін 400 млрд. теңге көлемінде инвестиция тарту міндетін қойды. Құрылыс жұмыстарының қар-қынын төрт аудан мен Петропавл қаласы ғана арттыра алғанын, кей жобалардың тоқтап қалға-нын, оларды қайта қарау, қар-жыландыру үрдісі ұзаққа созы-лып кететінін сынға алды. Орын алған олқылықтар мен кем-шіліктер үшін тиісті басшылар мен аудан әкімдері жеке-дара жауап беретінін қатаң ескертті.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp