«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тамақтану әдебін сақтайық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тағам – біздің ағзамызға қорек пен күш-қуат беретін негізгі энергия көзі. Сондықтан аналар сәбиі алты айға толысымен кеуде сүтімен қо­са, нәрестеге қосымша тағамдар бе­ре бастайды. Жалпы қазақтың дәс­түрі мен мәдениетінде тамақтану әдебі ерекше орын алады. Халқы­мыз дастарқан басына ең алдымен әулеттің үлкендерін шақырған. Төр­ге жайғасқан қарттар астан ауыз ти­ген соң ғана отбасының басқа мү­ше­лері ауқаттана бастаған. Ата-әжелеріміз немерелерін жанда­ры­на жайғастырып, тағамның ең дәру­менге бай түрін олардың алдарына тосқан. Бұл дәстүр бүгінге дейін үзілмей жалғасып келеді.

Отбасында ересектердің дас­тар­қан басында барынша үлгі көр­сетіп, тәртіпке сай тамақтануы қай кез­де де маңызын жойған емес. Өйт­кені ата-анасы дұрыс тамақта­на­тын балалар өсе келе өздері де ұяда көргендерін істейді. Жастайы­нан дастарқан басында жақсы қы­лықтар мен әрекеттерді бойына сі­ңір­ген жеткіншектер көзге оғаш кө­рінетін іс-әрекеттерді қабылдамай­тын болады. Сондықтан баласы­ның дұрыс тамақтанғанын қалай­тын ата-ана, алдымен шаруаны өз­де­рінен бастағандары жөн. Көп жағ­дайда, отбасымызда ата-әжелеріміз әңгіме бастамайынша, өзгелері артық сөйлемей, әдеп сақтайды. Бұл бүлдіршіндерге жақсы үлгі. Ал ересектер тіпті ас ішіп отырып теле­дидар қараса, балалар дастарқан басындағы мұндай әдеттерді жақ­сы дағды ретінде қабылдай бастай­ды. Асты асықпай ішу, ауыздағы та­ғамды байыппен шайнау, төкпей-шашпай жеу арқылы да әке-шеше үлгі көрсете алады.

Шыны керек, кейде “Жаман адам­нан жарты аяқ ас қалады” деп балаға ұрсып, күштеп бар тағамын тауыстыруға тырысып жатамыз. Та­мақты тауысып жеуі үшін оларға ас­ты дене бітіміне қарай шағындау, кі­шірек ыдысқа салып берген дұ­рыс. Балаңыз бір қасық асты артығымен ішпесе, аш қалмайтынын ескеріңіз. Оның ағзасындағы зат алмасудың жақ­сы болуы – әлдеқайда маңыз­ды. Қазір өзіміз көріп жүргендей ар­тық салмақ тек ересектерге ғана тән емес, балалар арасында да жиі орын алуда. Ата-ана дені сау ұрпақ тәрбиелеуі үшін алдымен баланың денсаулығына назар аударуы керек деп ойлаймын. Сондықтан үйдегі ұл-қыздың тоя тамақ жеуін тежеген аб­зал. Әсіресе ағзаға зиян газдал­ған сусындарды, тез дайындала­тын та­ғамдарды тұтынудан аулақ бол­ған жөн. Көпбалалы ана ретінде ба­ла­­ла­рыма зиянды тағамнан бас тар­ту қажет екенін айтып отыра­мын.

Үлкендер балаға тамақтан кейін­гі әрекеттерді де айтып түсіндіруі қа­жет. Дастарқаннан тұрған соң қи­мыл-қозғалыс жасаудың, серуен­деп, дене жазудың маңыздылығын үйреткен жөн.

Самал ДАИРШИНА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp