«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРЖЫНДА — ҚОС ҚОЛА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Токиода өтіп жатқан жазғы Олим­пиадада Қазақстан құ­ра­масының қор­жынына 2 қола медаль түсті.

Жарыстың бірінші күнінде та­та­миге дзюдошы Елдос Сметов шықты. Қазақстандық спортшы 60 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ең алдымен ол түрік ба­луаны Михрача Аккушаны же­ңіп, кейін Оңтүстік Корея елінің өкі­лі Ким Вон Джинаны қапы қал­дырды. Жартылай финалда жа­по­ниялық Наохисе Такатоға есе жіберді. Осылайша алтыннан қа­ғылған Елдос қола жүлде үшін бақ таластырды. Бұл сында отанда­сы­мызға нидерландылық спорт­шы Торнике Цакаджоя қарсылас атанып, қосымша уақытта Елдос “вазарри” ұпайымен жеңіске жетті.

Тағы бір қоланы зілтемірші Игорь Сон әкелді. 61 килограмм салмақта ел намысын қорғаған ол жұлқа көтеруде 131, серпе көтеру­де 163 килограмды еңсерді. Қос сайыстың қорытындысы бо­йынша Игрь 294 килограмм сал­мақты көтеріп, үшінші орынға ие болды. Ал алтын медаль қытай­лық Ли Фабин, күміс индонезия­лық Эко Юли Иреванға бұйырды.

Солтүстікқазақстандық вело­ша­бандоз Алексей Луценко 234 ша­қырымдық жарыста жүлдеге іліне алмады. Ол мәре сызығын 21-ші болып кесті. Бұл додада бі­рінші орынды эквадорлық Ричард Антонио Карапас иеленді, екінші сатыда – бельгиялық Ваут ван Арт, ал үшінші орында – слове­ниялық Тадей Погачар.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp