«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сырқат күрт көбейді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Орталық коммунициялар қыз­метінің өңірлік филиалында облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақып­кереев пен денсаулық сақтау және санитарлық қызмет басшыларының қатысуымен баспасөз конферен­ция­сы өтті. Спикерлер өңірде қауіп­ті індет жұқтырғандардың саны күрт өскенін хабарлады. Өткен тәуліктің өзінде 134 жаңа жағдай тіркелген. Нау­қастанғандардың 89 пайызын­да ауру белгілері анықталған. Кей ау­дандарда, мәселен Жамбыл ау­да­нында, өткен аптамен салыс­тыр­ғанда науқастанғандардың саны бес есе, Тайынша ауданында 3,9 есе, Петропавлда 3 есе көбейді.

– Шілденің 13-інен облыс “қы­зыл” аймақта екені белгілі. Ал соңғы екі аптаның ішінде жағдай тіпті ушы­ғып кетті. 14 күнде коронавирус жұқ­тырған 882 адам тіркелді. Былтыр­ғы жылмен салыстырғанда бала­лар­дың қауіпті індетке шалдығу көр­сеткіші артуда, – деді облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев.

Қазір 635 адам ауруханаларда тиісті ем-дом қабылдап жатыр. 11-інің жағдайы өте ауыр. Ауруханада емделіп жат­қандардың жартысы жасанды де­малу аппараттарына қосылыпты. Соң­ғы екі аптада 20 жүкті әйел ауру­ханаға түскен. Ал жағдайы орташа науқастарға облыс бойынша 56 мо­бильді топ үйле­рінде көмек көрсе­туде.

Облыстық денсаулық сақтау бас­қармасы басшысының орынбасары Нұрлан Айманов вакцина қойдырт­қандардың ағзасында вирусқа қар­сы иммунитет қалыптаспайынша аталған індетті жұқтыруы мүмкін екенін ескертті.

Облыс әкімінің орынбасары жағ­дай одан әрі нашарлайтын болса, қатаң карантин шараларының қай­та күшіне енетінін жасырмады. Әзір­ге бірқатар кәсіпорындар “As­hyq” жобасының мүкіндігін пайдала­нып, жеңілдікпен жұмыс істеуде. Алай­да шектеу шараларына құлақ аспай, той ұйымдастырып жатқан дәмхана, мейрамханалар да бар­шылық. Мұндай нысандарды тек­серу шаралары жиілемек.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp