«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жоғалған 29 жастағы жігіт аман-есен табылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында үйден туыстарына айтпай кетіп, жоғалған 29 жастағы жігіт аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жігіт туған-туыстарымен сөзге келіп, үйден кетіп қалған. Сол күні мас болған екен. Ішімдіктің буына еліткен ол жаяу Айыртау ауданының орталығы Саумалкөлге бет түзейді.

Адасып, шаршап-шалдыққан жігітті Айыртау ауданындағы қамбалардың бірінің күзетшілері байқап, полицияға хабар берген.

«Күзетшілер жігітті өздеріне әкеліп, жуындырып, тамақтандырған. Кейін іздеуде болуы мүмкін деген оймен полицияға хабар берген. Жоғалған адам жайында бағдар облыстың барлық полиция бөлімдері мен бөліністеріне беріледі. Олар жігіттің 22 шілдеден бері іздеуде жүргенін анықтады», – дейді СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің инспекторы Нұрбек Баекин.

Бұған дейін 29 жастағы жігіттің Шал ақын ауданы Еңбек ауылынан белгісіз жаққа кетіп, табылмай жатқанын хабарлаған едік.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp