«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ДӘРІГЕРЛЕРГЕ — 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл өңіріміздегі медициналық мекемелерде жұмыс істеуге 128 жас дәрігер тартылады. Бұл жайында “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының жанындағы ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.

Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов медицина кадрларының тапшылығын азайту шаралары туралы әңгіме қозғады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыс бойынша 272 дәрігер жетіспейді.

– 9 шілдедегі жағдай бойынша 27 дәрігерге жалпы сомасы 40,5 млн. теңге көтермеақы тағайындалды. Әрбіріне 1,5 млн. теңгеден берілді. Биыл 128 жас дәрігер, оның ішінде 56 маман ауылдық жерлерге, 72 дәрігер қалаға тартылады деп жоспарланып отыр. Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім алған 24 жас маман келеді деп күтілуде. Қалғандары оқуын аяқтап, алдағы жылдары жұмысқа кіріседі, – деді Құмар Күсемісов.

Бүгінде облыста жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 155,4 млн. теңгеге 10 жоғары медициналық оқу орнында 113 студент оқиды. Олардың арасында кардиологтар, анестезиолог-реаниматологтар, офтальмологтар, оториноларин-гологтар, акушер-гинекологтар, неврологтар және басқа да мамандар бар.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp