«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екпе алуға асығыңыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Пандемия басталғалы өңірімізде коронавирус инфекциясын 17583 адам жұқтырды. Шілденің 30-ы күні облыста 152 тұрғынның қауіпті дертке шалдыққаны белгілі болды. Науқастардың 86 пайызында ауру белгілері байқалған.

Облыс орталығында індет 59 адамнан анықталса, инфекциялық ауру жұқтыру бойынша Айыртау, Қызылжар, Шал ақын, Тайынша, Есіл аудандарында да жағдай мәз емес. Мағжан Жұмабаев, Жамбыл, Мамлют, Уәлиханов, Тимирязев, Ақжар, Аққайың және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда да қауіпті індет жұқтырған науқастар бар. Бүгінге дейін облыста 393726 зерттеу жүргізілді. Ал өткен тәулікте ПТР әдісімен 1183 адам сынама тапсырды. Облыс бойынша 194164 адам екпенің бірінші, 138705 адам екінші компонентін алды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp