«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жатақхана салушыларға жәрдем

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде білім беру ошақтарының инфроқұрылымын жаңарту күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі саналады. Оның бір дәлелі – бүгіндері елімізде 80 мыңнан астам студент жатақхана орындарына мұқтаж болып отыр. Осының салдарынан көптеген жастар санитарлық талаптар сақталмайтын ескі жатақханаларда тұруға мәжбүр.

Бұл мәселені шешу мақсатын­да “Қаржы орталығы” акционер­лік қоғамы еліміздің барлық өңі­рін қамтитын жатақханалар құ­рылысына қатысты ауқымды жо­баны жүзеге асырды. Жоба 2018 жылдың соңында іске қосылды. Жатақхана иелері мемлекеттен әрбір төсек-орынға жылына 122 АЕК (Алматы қаласы 144 АЕК) кө­лемінде, ал ғимаратты жатақха­на ретінде қайта рәсімдеуден өт­кізсе 47 АЕК мөлшерінде төлем алады. Мемлекет бұл төлем­дер­ді сегіз жыл бойы жүргізеді. Мы­салы, 500 орындық жатақхананы алатын болсақ, кәсіпкер 8 жыл ішінде мемлекеттен 1,5 млрд. тең­ге көлемінде төлем алады және жатақхана оның иелігінде қа­лады. Сондай-ақ инвестор­лар­ға типтік негіздегі жобалық-сме­талық құжаттамалар ұсыны­лады.

Студенттер үшін жаңа бағдар­лама аясында іске қосылған жа­тақханаларда тұрудың орташа ақы­сы 10 000 теңгені құрайды. Бұл заманауи үлгідегі орын-жай­лардан бөлек коворкинг ор­талығы, спорт залы бар және студенттердің бос уақыттарын мазмұнды әрі тиімді өткізуге жағдай жасалған жатақханалар үшін аса қымбат баға емес.

Әлеуметтік маңызды және кәсіпкерлер үшін тиімді жобаның сәтті басталуы мемлекет пен бизнес өкілдерінің ортақ іске жұ­мыла кірісуінің арқасында мүмкін болып отыр. Кәсіпкерлердің жо­ба­ға қызығушылық танытуының бірнеше себептері бар. Бұл ал­ды­мен, құрылыс жұмыстарына кеткен шығынның өтемін мемле­кеттік тапсырысты орналастыру арқылы қайтарып алу, жер телі­міне заттай грант негізінде қол жеткізу және “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы ая­сында банктік несиелерін 9 па­йызға дейін субсидиялауға мүм­кіндіктерінің болуы.

Жатақханалар құрылысын­а ке­тетін шығындарды оңтайлан­ды­ру­дың тағы да бір жолы көз­делген. Әр құрылысты жүзеге асы­рарда оның міндетті алғы­шарттары бар. Құрылыс жүзеге асырылар алдында жобаның міндетті жоба­лық-сметалық құ­жат­та­масының (ЖСҚ) болуы та­лап етіледі. 2018 жылы үшінші әлеуметтік бастама жарияла­нып, мемлекет өз алдына 2022 жылдың соңына дейін студент­терді 75 мың орын­дық жаңа жа­тақханалар­дағы орындармен қам­тамасыз ету межесін қойды. Со­ның нәтиже­сінде, құрылыс кө­лемі мен са­нының артуына бай­ланысты жа­ңа ЖСҚ-ға қажеттілік туындады. Осыған орай, 2020 жы­лы Білім және ғылым ми­нистр­лігінің өті­нішімен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылығы істері комитетінің тапсырысымен “ҚазҚСҒЗИ” АҚ-ы “Қазақстан Ресспубликасының 5 климаттық кіші аудандары үшін 500 орын­дық студенттік жатақ­хана” ЖСҚ-ын әзірлеуде. Жоба ғылыми-техникалық кеңестің оң қоры­тындысын алып, сарапта­маға жолданды.

Жобаның артықшылықтары жа­тақхана ғимаратында жатын орындардан бөлек компьютерлік оқу залдары, спорт залдары, ме­ди­цина­лық стационар және т.б. болуы жоспарланған. Студент­тер болашақта жатақхана қабыр­ғасында орналасатын оқу залдарында интернет бөлмесі арқылы жеке шығармашылық жұмыста­рымен айналыса алады. Сон­дай-ақ, асхана салу да қарасты­рыл­ған. Кәсіпкерлер құ­рылыс жұ­мыстарына жұмсайтын шығын­да­рын барынша үнем­де­ді. Әр сту­дентке тұрғын алаңның үлес­тік көрсеткіші 11,2 м2-ден 7,8 м2-ге төмендетілген, жалпы алаң­ның үлестік көрсеткіші сәй­кесінше 21,9 м2-ден 15,2 м2 де­йін оңтайландырылды.

Облыстық ішкі саясат басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp